elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Экономика

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САНЫ 24%-ҒА АРТТЫ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Айдос Исмаилов мәлімдеді.

10 декабря, 2023
in Экономика, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САНЫ 24%-ҒА АРТТЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Спикердің айтуынша, Түркістан облысында құрылыс нысандарының саны өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға артқан. Жыл басынан бері құрылыс саласында лицензия алуға, қайта тіркеуге және аттестат алуға 750 өтініш қабылданған. Оның 451-і қанағаттандырылса, 299-на дәлелді себептермен бас тартылған. Сонымен қатар, өңірде бюджет және жеке қаражат есебінен жүргізілген 270 құрылыс нысандарында заң бұзушылықтар анықталып, 424 хаттама толтырылып, айыппұл салынған. Салынған 91,7 млн теңге айыппұлдың 75,2 млн теңгесі өндіріліп, нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда айыппұл салу мөлшері 60%-ға артқан.

Өңірдегі құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау — басқарманың жіті қадағалауында. Осы ретте биыл облыс бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаны туралы 973 хабарлама тіркеліп, бақылауға алынды. Оның ішінде 304 нысан — бюджет есебінен, 669 нысан — жеке кәсіпкерлік есебінен салынып жатыр. Сонымен қатар, 277 субъектіге қатысты тиісті шаралар көрілді. Оның ішінде 170 тапсырыс беруші, 86 мердігер, 13 техникалық қадағалаушы, 4 авторлық қадағалаушы, 2 жобалаушы, 1 лауазымды тұлға мен 1 сарапшы аттестатын 6 айға тоқтату бойынша сотқа жолданды. Сондай-ақ, құрылыс рәсімдерінің ашықтығын арттыру және заңдылығына мониторинг жасау мақсатында «eQurylys» бірыңғай ақпараттық жүйесі қолға алынды,- деді басқарма басшысы.

Басқарма еңбек қатынастары саласындағы бақылау функциясын да жүзеге асырады. Жыл басынан бері өңірде еңбек жанжалы орын алмаған. 2021 жылы — 11, 2022 жылы — 3 еңбек жанжалы орын алып, олардың барлығы өз шешімін тапқан.

 

Алдыңғы пост

Жетісу облысында түтін шыққан үйден қарт әжені алып шықты

Келесі жаңалық

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ТОЛЫҚ ГАЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі