Ол ең алдымен қала тұрғындарын жылумен қамтып отырған «Жылу энерго орталығы» мекемесіне аялдап, халықты сапалы жылумен қамтамасыз етуде кемшіліктерге жол бермеу керектігін тапсырды.
Сапар аясында қаланы газбен қамту бағытындағы құрылыс жұмыстары аяқталған 2 кезеңнің жүйесі іске қосылды. Нәтижесінде Кентау қаласы толықтай көгілдір отынмен қамтылып отыр.
Жалпы, Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету 3 кезеңге бөлініп, құрылыс жұмыстары 2018-2019 жылдары жүргізілген. Қазіргі таңда шаһар 100% газ құбырларымен қамтылған. Ал жалпы 18 000 абоненттің нақты 8 435-і, яғни 47%-ы табиғи газды пайдаланып отыр.