elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР ҚЫРЫҚҚАБАТ ЖИНАП ЖАТЫР

Қазір шаруа қырыққабаттарды Тараз және Қарағанды қалаларына апарып сатып жатыр.

10 декабря, 2023
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР ҚЫРЫҚҚАБАТ ЖИНАП ЖАТЫР
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысына қарасты Келес ауданының диқандары қыстың алғашқы айында ашық алқаптағы қырыққабат өнімін жинап жатыр. Мәселен, Ошақты ауылындағы Айкен шаруа қожалығы 3 гектар аумаққа қырыққабаттың Бухарест сортын егіп, 120 тонна өнім жинады.

Қазір шаруа қырыққабаттарды Тараз және Қарағанды қалаларына апарып сатып жатыр. Шаруа қожалығының төрағасы Айкен Абайұлының айтуынша, Оңтүстік өңірдегі күн райының жылылығы шаруалардың мол өнім алуына үлкен мүмкіндік болып тұр.

– Ата кәсіппен айналысып, қара қазанымызды қайнатып отырмыз. Осы егіннің арқасында балаларымызды еңбекке баулып, табыс тауып жатырмыз. Жер телімімізге ағын су кедергісіз келеді. Алдымен ерте көктемде қырыққабат егіп, оны көктемнің соңына қарай жинап өткіздік. Содан шілде айының 15-не дейін жерімізді дайындап, күзгі қырыққабат дақылын ектік. Ауа райының қолайлы болуының арқасында қыстың бастапқы күндерінде өнім алып отырмыз, – деді Айкен Абайұлы.

Айта кетейік, Келес ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі осы жылдың тоғыз айында 56,6 млрд теңге болған. Сонымен қатар 80-ге жуық ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылып, ағын су жүйесі тазартылды. Нәтижесінде суармалы жер көлемі артып, Келес ауданы көкөніс өндіруде облыс деңгейінде үздіктер қатарынан көрінді.

 

Алдыңғы пост

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «WORLDSKILLS» ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚАБЫЛДАП, ЖЕҢІСТЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ТӨЛЕГЕН МҰХАМЕДЖАНОВТЫҢ «ҚҰС ЖОЛЫ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі