elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Қазақстан

Олжас Бектенов төтенше жағдай орын алған өңірлер тұрғындарын әлеуметтік қолдау жөнінде тапсырма берді

9 апреля, 2024
in Қазақстан, Әлеумет
0
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою шаралары жөнінде кеңес өткізді. Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен тиісті министрлер тыңдалды. Бүгінде 8 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды.

Үкімет басшысы вице-премьер бастаған әлеуметтік блок министрліктеріне төтенше жағдайға тап болған тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Уақытша баспанамен қамтамасыз ету.

«Су тасқыны басталғаннан бері 86 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі таңда уақытша орналастыру пункттерінде 8 472 адам тұрып жатыр. Эвакуациялау – уақытша шара. Үйлері тұруға жарамсыз деп танылған отбасылардың барлығын уақытша баспанамен қамту қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен бірге қоныс аударғанға дейін эвакуациялау пункттерінің жұмысын қолдауға ерекше көңіл бөлу тапсырылды. Әкімдіктер тұрғындарды сапалы азық-түлікпен, тиісті санитариялық-гигиеналық құралдармен, қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз етуі керек.

Өз кезегінде, эвакуациялау пункттерінен уақытша тұруға қоныстандыру процесі икемді болуы керек. Егер су тасқыны болып өткен өңірлерде тұрғындар үйлерінде қалуды қаласа, әкімдіктер тиісті көмек көрсетуі қажет. Сонымен бірге, ұрлық-қарлыққа жол бермеу үшін қараусыз қалған үйлер Ішкі істер министрлігінің бақылауында болады.

Білім беру.

«Қазіргі уақытта еліміздің он өңірінде ТЖ режимі жарияланған. 130-дан астам мектеп қашықтан оқыту форматына көшірілді, бірақ эвакуация аймақтарындағы балалардың оқу процесі үзіліп қалды. Оқу-ағарту министрлігіне мектеп оқушыларын ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатуды тапсырамын. Сонымен қатар оларға жоғалтқан уақыттарының орнын толтыруға әрі қарай да көмектесу қажет» — деп атап өтті Премьер-Министр.

Сонымен қатар су тасқынының белсенді кезеңі аяқталғаннан кейін апатты аймақтардағы мұғалімдер мен оқушыларды техникалық құралдармен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау тапсырылды.

Денсаулық сақтау.

«Біз ТЖ режиміндегі өңірлердің кейбір тұрғындары эпидемиологиялық жағдайға алаңдайтынын, зардап шеккен халық арасында жұқпалы аурулардың өршуінен қауіптенетінін көріп отырмыз. Денсаулық сақтау министрлігіне мәселені ерекше бақылауда ұстап, тұрғындарды ақпараттандыруды тапсырамын. Өңірлерде су тасқыны жағдайы тұрақталғаннан кейін аумақтарды тазарту және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу, су құбыры жүйелері мен құрылыстарын, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау бойынша кешенді шаралар жүргізу қажет. Әкімдіктерге су жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді», — деді Үкімет басшысы.

Эпизоотиялық жағдай.

Су басқан аймақтардағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Республикалық эпизоотияға қарсы жасаққа облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жануарлардың өлексесін жинау мен жоюды жедел аяқтау тапсырылды. Жою шараларын жүргізу үшін тиісті жабдықтар, қызметкерлер және қажетті дезинфекциялық құралдар қарастырылған.

Инфрақұрылымды қалпына келтіру.

«Үйлердің құрылысы бойынша жеке тұрғын үйдің үлгілік жобасы әзірленуде. Сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, атап айтқанда мектептер мен балабақшалар, ауруханалар мен емханаларды жөндеуге басымдық беру маңызды. Құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстау керек», — деді Олжас Бектенов.

 

«Пәрменді тетікті пысықтап, оны барлық өңірлерге жеткізуді тапсырамын. Екіұшты түсіндірулер болмауы керек. қоғам өкілдерін процеске тартудың арқасында ақшаға бақылау күшейтілетін болады», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

Алдыңғы пост

Денсаулығыңызды жақсарту үшін қабынуға қарсы ең жақсы тамақ өнімдері

Келесі жаңалық

Бүгін цирк әртісі, иллюзионист әрі педагог Сара Қабиғожинаның туғанына — 80 жыл.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі