elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Түркістан қаласында-Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті.

4 июня, 2024
in Мәдениет, Саясат, Түркістан облысы, Қоғам, Әлеумет
0
ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай,  Түркістан қаласында-Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті.
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Түркістан қаласында-Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті.

1992 жылы Тәуелсіз Қазақ елінің рәміздері ресми түрде белгіленіп,  2007 жылы 4 маусым – Рәміздер күні болып бекітілді.  Мемлекеттік елтаңба,ту және гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.Осы жерде рәміздердің авторларын атап кеткеніміз жөн секілді.Тудың авторы-Шәкен Ниязбеков ал,мемлекеттік елтаңбаның авторлары-Жандарбек Мәлібеков және Шот-Аман Уәлиханов.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимінің авторы- Шәмші Қалдаяқов,Жұмеке Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев. Бүкіл Қазақстандықтарды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Мемлекеттік Ту, Әнұран және Елтаңба – тәуелсіздігіміздің айнымас дәлелі. Ұлтымыздың рухын оятатын рәміздерімізді күллі әлем мойындай келіп құрмет көрсетеді. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік туы экономикалық және достық қарым-қатынас орнатқан көптеген мемлекеттерде биікте желбіреп тұр. Жеңімпаз спортшыларымыз Туымызды көкке көтеріп, Әнұранды асқақтатуда. Ал Елтаңбамыз елдігіміздің белгісіндей жарқырап тұр. Бұл әрбіріміз үшін зор мақтаныш, бақыт екені даусыз!

Осыған орай Түркістан қаласында,  Бекзат Саттарханов даңғылының бойында орналасқан Рәміздер алаңында қала тұрғындарының,  Түркістан қала ,облыс әкімдерінің  қатысуымен керемет іс-шара өтті.

Түркістан облысының  әкімі Дархан Амангелдіұлы сөз бастап:

»Құрметті түркістандықтар! Қадірлі жерлестер!                                                                                              Сіздерді 4 маусым – Рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік Ту, Әнұран және Елтаңба – тәуелсіздігіміздің дәлелі. Мемлекетіміздің айбары.
Бүгінгідей керегеміз кең, тереземіз тең заманда күн кешуіміз – Тәуелсіздік сыйлаған тыныштық пен тұрақтылықтың арқасы. Ал, Тәуелсіздікті сақтау, қадір-қасиетіне жету Мемлекеттік Рәміздерімізге деген құрметтен басталатыны айқын.Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы. Сондықтан біз жас ұрпаққа Мемлекеттік рәміздердің мәнін ұқтырып, маңызын түсіндіре білуіміз керек. Әр қазақ Әнұранын шырқап, көк Туын қадірлесе, еліміздің еңсесі биік болатыны анық.
Көк байрағы желбіреген, Әнұраны асқақтаған, айбынды Елтаңбасы бар Қазақ елі жасай берсін! Еліміз аман, халқымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!
Бұл ретте Түркістан өңірінде отаншыл, намысты азаматтар, жалынды жастар өсіп өте көп екенін атап өткім келеді. Олар рәміздерді құрметтейді және қадірлейді. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы! Әр қазақ Әнұранын шырқап, көк Туын қадірлесе, еліміздің еңсесі биік болатыны анық. Аспан түсті Туы, асқақ Әнұраны, айбынды Елтаңбасы бар Қазақ елі жасай берсін!
Айта кетейін, осы күні қаламызда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған автошеру өткізілді.»-деп,аяқтады.

Түркістан қаласында Мемлекеттік рәміздер күні  бүгінгі ауа-райы секілді шуақты көңілді өтті деуге болады.

Алдыңғы пост

Түркістан облысының әкімі Қазығұрт ауданының халқымен кездесіп,бірқатар нысандарды аралап кетті.

Келесі жаңалық

Төлеби ауданына жұмыс сапары облыс әкімінің.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі