elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

Төлеби ауданына жұмыс сапары облыс әкімінің.

4 июня, 2024
in Аймақ, Білім мен ғылым, Мәдениет, Саясат, Таным, Түркістан облысы, Экономика, Қазақстан, Қоғам, Әлеумет, Өнеркәсіп
0
Төлеби ауданына жұмыс сапары облыс әкімінің.
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

 

 

Төлеби ауданына жұмыс сапары облыс әкімінің.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мырзаның Төлеби ауданына жұмыс сапары аудан тұрғындарымен кездесуден басталды.

Тұрғындардың ауданды әрі қарай дамыту бойынша пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, өзекті мәселелерді анықтап, бірлесе шешу  маңызды екенін айтты. Осы ретте кезекті тұрғындармен  кездесуде алдымен, атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларға тоқталды. Тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып,  ойларын ашық жеткізді.
 Ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Төлеби ауданында өткен жылы 27 жоба іске асырылған. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру, әл-ауқатын жақсарту мақсатында былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 200-ге жуық жоба қаржыландырылды. Аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі артқан. Аудандағы кейбір салалардағы кемшілікті жасырмай ашық айтып, олардың шешу жолдарын қарастыруымыз қажет деді. Біз әлі де , өз жұмыс орнымызды ашып үйренуіміз қажет. Нарық талабы солай. Бизнесті қолға алып, өндірісті дамытуымыз керек.
Мемлекет басшысы тапсырмасы аясында ауылдық мектептерге «Starlink» спутниктік интернет құрылғысын орнатылған. Жоғары жылдамдықты интернетке Төлеби ауданында 19 мектебі қосылған. Тағы бір мектепке тамыз айында орнатылады.
Халықпен кездесу соңында, барлық сала басшылары мен құқық қорғау өкілдерімен бірге жеке қабылдау өткізілді.
Одан бөлек, ауданның тазалығына жауапты мамандармен жүздесіп, тиісті тапсырмалар беріліп, аудандағы санитарлық тазалықты сақтау үшін техника сатып алынатын болды.
   
 Тұрғындармен кездесуден соң,облыс әкімі аудандағы Кемеқалған ауылдық округіндегі қарқынды алма бауына барды. Мұнда алманың түрлі сорты өсіріліп, өнімдер алыс-жақын шетелдерге дейін экспортталатын сияқты. Бұдан бөлек, кәсіп иесі 500 тонналық қойма мен жеміс тосаптарын дайындайтын цех салған. Енді ол алма өнімдерінен табиғи шырын дайындайтын цехты іске қосуды жоспарлап отырғанын айтты.
Төлеби ауданында балық шаруашылығын кәсіп еткен тұрғындар саны артып , солардың бірі – Жаңажол елді мекеніндегі жеке кәсіпкер арнайы бассейндер жасап, форель өсіруде. Ол жылына 300 тонна балық өндіруді жоспарлауда.
 Аудан әкімі мен жауапты сала басшыларына тиісті міндеттемелер жүктеліп, кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.
 
Төлеби ауданына жұмыс сапары барысында Дархан Амангелдіұлы бірқатар нысандарды аралап, жұмыстарымен танысты. Ауыл шаруашылығында қолға алған жобаларды қарап шықты. Кәсіпкерлермен және мердігерлермен жүздесті.
Ленгір қаласында ерекше қажеттілігі бар жандар үшін «Жарқын өмір және тең қоғам» орталығы өз жұмысын бастапты. Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек, психолохиялық қолдау көрсетіліп, емдік шаралары қарастырылған. Одан бөлек, зейнеткерлер арналған арналған кабинет бар екен.
Өңірдегі балалардың сапалы білім алуы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Жаңадан салынған білім ғимараттарының саны артып, мектеп тапшылығы мәселесі шешімін тауып жатыр. Жалпы, Төлеби ауданында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында жаңадан 3 мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Достық елді мекенінде – 900 орындық, Көксәйекте – 600 орындық, Қосағашта – 300 орындық білім ордасы салынып жатыр. Қосағаш елді мекеніндегі жайлы мектептің құрылыс басына барып, мердігермен кездесіп, жұмыс барысын пысықтап, сапа мен нысанды тапсыру мерзімі қатаң бақылауда болатындығы жайлы ескертілді .
Бұдан бөлек, өңірдегі балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу үшін лагерлер ұйымдастырылған. Ауданда тағы бір балалар лагері іске қосылыпты. Қасқасу елді мекеніндегі балалар лагерінде бір мезгілде 250 бала демалады екен.

Төлеби ауданында біраз оңды істер атқарылып жатқаны  көрінеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз қызметінде ашықтық пен есеп берушілік принциптеріне ерекше назар аударып келеді. Халық пен билік арасындағы сенімді нығайту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін ашықтық маңызды құрал ретінде қарастырылуда. Бұл бағыттағы саясат қоғаммен тікелей байланыс орнатып, мемлекеттік органдардың жұмысын халыққа барынша қолжетімді және түсінікті етуге бағытталған.

Ашықтық – қоғамның сеніміне бастар жол

Президент Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда мемлекеттік органдардың ашықтығын басты қағидалардың бірі ретінде белгіледі. Оның пікірінше, ашықтық – мемлекеттік басқарудың маңызды элементі, өйткені ол қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырады. Егер билік өз әрекеттерін түсіндіруге дайын болса және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік алса, халықтың үкіметке деген көзқарасы жақсара түседі.

Президент тапсырмаларының негізгі бағыттары:

1. Мемлекеттік органдардың ашықтығы: Әрбір мемлекеттік орган халықпен тұрақты диалог жүргізіп, өз қызметі туралы есеп беріп отыруы тиіс. Бұл бағытта онлайн-трансляциялар, әлеуметтік желілер арқылы ақпарат тарату, азаматтардың сұрақтарына тікелей жауап беру сынды әдістер қолданылуда.

2. Қоғамдық бақылауды күшейту: Ашықтық қағидасы азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын көздейді. Президент тапсырмасымен қоғамдық кеңестердің жұмысы жанданып, олардың мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асырудағы рөлі артуда.

3. Цифрлық ашықтық: Мемлекеттік қызметтердің электронды форматқа көшуі азаматтарға процестердің ашық әрі тиімді болуын қамтамасыз етеді. «е-Үкімет» платформасы арқылы азаматтар қызмет алумен қатар, мемлекеттік органдардың жұмысын бақылай алады.

Ашықтықты қамтамасыз етудегі жетістіктер

Президенттің бастамасымен Қазақстанда ашықтықты арттыру мақсатында бірнеше нақты шаралар қабылданды:

«е-Өтініш» жүйесі: Бұл жүйе арқылы азаматтар мемлекеттік органдарға тікелей өтініш жасап, олардың қаралу барысын онлайн бақылай алады.

Әлеуметтік желілердегі белсенділік: Мемлекеттік органдар мен олардың басшылары әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, азаматтардың сұрақтарына жауап береді.

Бюджет ашықтығы: Елде мемлекеттік бюджеттің жұмсалуын халыққа көрсету жүйесі енгізілді. Бұл бастама бюджеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ашықтықтың пайдасы

Ашықтық принципі мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріне оң әсерін тигізеді. Оның негізгі артықшылықтары:

Сенімнің артуы: Халық билікке сенім артып, қабылданатын шешімдердің дұрыстығына көз жеткізеді.

Жемқорлықтың азаюы: Ашықтық пен есеп берушілік сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қояды.

Шешімдердің тиімділігі: Қоғамның пікірі ескерілген жағдайда қабылданатын шешімдер сапалы әрі өміршең болады.

Мемлекеттік басқарудағы ашықтықтың болашағы

Президент Тоқаевтың тапсырмалары аясында алдағы уақытта келесідей бастамалар іске асырылуы мүмкін:

Азаматтардың мемлекеттік саясатқа қатысуын арттыру үшін заманауи технологияларды кеңінен пайдалану.

Ашықтық қағидаларын өңірлік деңгейде де күшейту, жергілікті биліктің халық алдындағы есептілігін арттыру.

Мемлекеттік органдардың қызметіне тәуелсіз бағалау енгізу.

Қорытынды

Ашықтық – тиімді басқарудың және халықтың билікке деген сенімін нығайтудың негізі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қағиданы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде белгілеп, қоғам мен билік арасындағы байланысты күшейтуді мақсат етті. Ашықтықты қамтамасыз ету арқылы мемлекет өз азаматтарына жақындай түсіп, қоғамның әр мүшесінің пікірін ескеретін әділетті жүйені қалыптастыруға қадам басып отыр.

Алдыңғы пост

ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Түркістан қаласында-Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті.

Келесі жаңалық

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы қарауға енгізілді.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі