Шегірткемен күрес.
Жақын күндері Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округінде шегірткетектестердің ұшуы байқалған болатын. Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін зиянның алдын алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жұмыстарын жүргізу келісілді.
Қазіргі уақытта өңірдегі бірқатар аймақта шегірткеге қарсы қосымша химиялық өңдеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Жұмыстар күшейтіліп, қажетті арнайы техникалар жұмылдырылды. Зиянкестерден келетін қауіп сейілді. Жұмыстар жалғасады. Залалсыздандыру жұмыстарына тағы қосымша арнайы ұшақтар қосылады.
Биыл облыста өңдеу жұмыстары сәуір айының басында басталды. Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы күрес «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» 715 мың гектар алқап толық зерттеліп, орталықтың болжамымен таралу қауіпі бар 260 мың гектардан астам алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.