Адамға ең әуелі үй қажет. Үй болмай ,күй болмайды.Өйткені жатар орын , ішер ас қай отбасының да ең қажеттісі.Бастысы ,басыңда баспаның болса базынаң ретімен бола береді.
Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында ауқымды жұмыстардың нәтижесінде облыс құрылғалы бері 40 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлады.
Бүгін де түркістандықтар үшін қуанышты күн. Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 88 пәтер кілті табысталды.
Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласының облыс орталығы атанғанына 6 жыл толды. Осы айтулы мереке аясында осы іс-шара жоспарлаған екен. Бұл үйлерді кәсіпкерлер нарыққа сатамыз деп салған болатын.» Алайда бюджеттен қаржы тауып, кәсіпкерлермен келісіп, үйлердің бағасын төмендетіп, арнайы сатып алдып, сөйтіп шаһардағы мұқтаж азаматтарға беру туралы шешім қабылдадық»,-деп мәлімдеді Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы. Үйлер мен ауласы өте ыңғайлы, әдемі. Айналасын таза ұстау жаңа тұрғындардың өз қолдарында. Мұндай үйлер Түркістан қаласында бұрын берілмеген.
Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тұрғындарды баспанамен қамту тапсырмасы аясында атқарылып отыр. Түркістан облысында баспанамен қамту шаралары бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде. Үйлі болғандар саны артуда.
Түркістан қаласында тұрғын үй құрылысының қарқыны бәсеңдеген емес. Облыс орталығында жаңа шағын аудандар пайда болып, тозығы жеткен тұрғын үйлер ретке келтірілді. Қазіргі таңда қаладағы әкімшілік-іскерлік орталығында тағы 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды. Бұл үйлерге екі мыңнан астам отбасы қоныстанады. Сонымен қатар бюджет және жеке инвесторлар есебінен биыл 191 тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз.
»Шаңырақтарыңыз бақ-берекеге толсын! Қоныс құтты болсын!»-деп,облыс әкімі тұрғындарға пәтерлерінің кілтін тапсыра тұрып құттықтады.