
Қытай Халық Республикасындағы Дархан Амангелдіұлының ресми жұмыс сапары Сиань қаласында жалғасты. Шэньси провинциясы партия комитетінің хатшысы Чжао Идэмен кездесіп, Түркістан облысы мен Шэньси провинциясы арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды. Екі өңір арасындағы сауда, ғылым мен техника, гуманитарлық алмасу, логистика, инфрақұрылым құрылысы, жаңа энергия көздеріндегі автомобиль өндірісі, білім саласындағы әріптестік пен түрлі нысандарда өзара алмасулар мен ынтымақтастықты жүзеге асыруға дайын екенін айтып жеткізді.
Қытай еліне ресми іссапар аясында Сиань қаласында өткен сауда-экономикалық форумға қатысты. Бизнес-форумда екі елдің кәсіпкерлері арасында B2B форматында кездесулер өткен. Бұл алаң жаңа жобаларды іске асыруға үлкен мүмкіндік бермек көрінеді.
Қытайлық инвесторларға Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін таныстырып,барлық сала бойынша жаңа жобаларды жүзеге асыру тетіктерін қарастырған. Бұдан бөлек, инвесторлармен кездесіп, құрылыс материалдарын өндіру зауытын салу, ауыл шаруашылығы, медицина, білім, туризм салаларын дамыту бойынша бірқатар екіжақты келіссөздер жүргізіпті. Сонымен қатар Түркістан облысында еліміздегі ең ауқымды көкөніс қоймаларының бірін салу бойынша меморандумға қол қойған.
Екі елдің кәсіпкерлері де өз компанияларын таныстырған. Кәсіпкерлеріміз қытайлық тараппен ауыл шаруашылығы саласында пайдаланатын дрондар шығару, халықаралық мектеп салу, IT, құрылыс, ми ауруын емдейтін аурухана ашу, құрылыс материалдарын өндіру зауытын салу, цифрландыру арқылы ауылшаруашылық дақылдарын өсіру, травертин өндіру туралы келісімге келіпті
Түркістан өңірінің ынтымақтастық алаңы кең. Қытай елімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, ынтымақтастықты кеңейтуге дайын. Мемлекет тарапынан инвесторларға преференциялардың ауқымды түрлері ұсынылмақ. Түркістан облысының әр бизнес бастаушысымен де жеке жұмыс істеп, әр жобаның табысты жүзеге асуына қажетті қолдау көрсететін әкім Дархан Амангелдіұлы
Жасалған келісімдер өңірлеріміздің түрлі салаларын дамытуға серпін беретініне сенеміз.
