Созақ ауданындағы ірі кәсіпорындар .
Созақ ауданындағы ірі кәсіпорындар ел экономикасының дамуына үлес қосып келеді.
Ауданға жұмыс сапары барысында Түркістан облысының әкімі бірқатар кәсіпорынды аралап, жұмысымен танысты. Табиғи уран өндірумен айналысатын өндіріс орнында болып, кәсіпорын басшысымен маңызды мәселелерді талқылады. Жергілікті халықты қолдауды, ортақ әлеуметтік шаралар ұйымдастыруды күшейтуді ұсынды. Оқу орындарын ашуға болатынын, онда салаға қажетті мамандар даярланса жақсы болатынын айтты. Әлемнің ең ірі деген кәсіпорындары қайырымдылық жасау жағына да ерекше көңіл бөлетіндігі туралы тілге тиек болды. Тұрғылықты халықтың қолайлы өмір сүруі үшін жағдайлар жасалатыны. Осы бағытта жұмыстарды күшейтуді ұсынды.
Мұнда 1 мыңнан астам адам қызмет етсе, олардың 95%-ы – жергілікті тұрғындар екен. Кәсіпорын табиғи уран өндірісін облысымызда орналасқан «Қанжуған», «Орталық Мойынқұм» және «Мыңқұдық» кен орындарында жүргізіледі.
Бұдан бөлек, Таукент кентіндегі қазақ-француз бірлескен кәсіпорнында, Төртқұдық жаңа зауытының құрылысы мен өндіріс нысандарында болып, жұмысымен танысты. «Катко» компаниясы бас директорының орынбасары Мұхит Келімбетовпен кездесіп, өңірді дамыту бағытындағы жұмыстарды жандандыру бойынша мәселелерді талқылады. Уран өндіруде көшбасшы кәсіпорын Созақ ауданының аумағындағы Мойынқұм және Төртқұдық кен орындарын игеру мақсатында іске қосылған. Мұнда 1300-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Оның 50 пайызға жуығы аудан тұрғындары.
Бұл өндіріс орындары мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізуде. Сонымен қатар әлеуметтік жобаларға да демеушілік танытып келеді екен. Осы бағытта жұмысты жандандыруға, бірлесе жұмыс жасауға келісті облыс әкімімен.


Созақ ауданына жұмыс сапары барысында сонымен қатар Дархан Амангелдіұлы құрылыс алаңдарында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап шықты. Ауданда әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысан бой көтеріпті. Құрылыс басында мердігерлермен кездесіп, нақты тапсырмалар берді.
Облысымызда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептердің бірі Шолаққорған ауылында орналасады. 900 орындық блімі ұясын биыл пайдалануға беруді жоспарлап отыр екен.
Ауданда жеке инвестор есебінен тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа қалашықта орналасқан баспаналар үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға берілмек.
Сонымен қатар, Шолаққорған ауылында «Спорттық-сауықтыру» кешені салынуда. Спорт кешенінің оқу-жаттығу базасы заманауи талапқа сай жабдықталмақ. Нысанды биыл пайдалануға беру жоспарда.