elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИНВЕСТФОРУМДА 35 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

2 ноября, 2024
in Uncategorized, Аймақ, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Экономика
0
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИНВЕСТФОРУМДА 35 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркі әлемінің туристік астанасында өтіп жатқан «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форум жұмысы әрі қарай «Өңдеу және өнеркәсіп саласындағы Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығы», «Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы – 2025» және «Цифрлық трансформация» атты тақырыптық панельдік отырыстарға жалғасты.
Жиын барысында жалпы құны 301 млрд теңгеден асатын 35 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бұл келісім төңірегінде өңірде жаңа жобалар жүзеге асырылмақ болашақта. Қоса кетсек, форум бизнес пен инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, Түркістан облысының халықаралық ынтымақтастықтағы стратегиялық маңыздылығында көрсетеді.
 Түркістан облысында  жалпы айтқанда 2027 жылға дейін жүзеге асатын 145 инвест жобаның түрі қалыптасқан, бұл жобалар 17 мың жаңа жұмыс орнын ашып, өзіндік кірісті қосымша 100 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді деп көзделуде. Сондай-ақ өңірде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және 580 гектардан тұратын арнайы экономикалық аймақтар бар. Онда 49 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 39 жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Түркістанда қазір өңірдің бар әлеуетін пайдаланып, дайын өнім шығаруға басымдық берілген. Осы мақсатта және өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе Қытай Халық Республикасына іс-сапарлар ұйымдастырылды. Оның нәтижесінде Қытай Халық Республикасының жаңа технологиясы және қытайлық инвесторлардың капиталымен бірқатар жобалар бастау алды. Ал өңір экономикасына шамамен 1,2 трлн. теңге инвестиция бағытталады. Ірі жобалардың қатарында текстиль кластерін құру, күн және жел электростанциясының құрылысы сияқты ірі жобалар бар.
Бүгінгі халықаралық форум дәл осы сапарлардың ресми жалғасына айналып, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара диалогтың маңызды алаңы болып отыр. Форумдағы келісімдер арқылы Түркістан облысында түрлі бағыттағы маңызды жобалар жүзеге асып, өндіріс орындары көбейтілмек.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА АУДАННЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮРКІРЕГЕН ТОЙ ӨТТІ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМҒА АЛПАУЫТ КОМПАНИЯЛАР ҚАТЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі