elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

25 ноября, 2024
in Аймақ, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы
0
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
 
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Отырар ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 66,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 300 млн теңгеге артық орындалған. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы — 33,3 млрд теңге, тартылған инвестиция — 23,6 млрд теңге, сауда — 2,8 млрд теңге, өнеркәсіп — 22 млрд теңге, құрылыс көлемі — 8,2 млрд теңгені құраған. Бұл жайында Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Биыл Отырар ауданында 35 000 гектарға егін егіліп, егістік алқабынан 395 993 тонна өнім жиналды. Одан бөлек, ауданда 2024 жылдың ІІ тоқсанында бірнеше инвестициялық жоба іске асырылды. Мәселен, «Баржоу Хинкай Трейд гоу» ЛТД компаниясымен бірлесіп 500 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен мақта дақылын егу жұмыстары жүргізіліп, 1 200 тонна мақта өнімі алынды. Сонымен қатар, ауданда жыл соңына дейін 800 млн теңгеге сауда саласы бойынша екі шағын инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Отырар ауданында түйе сүтін өңдеп, ұнтақ түрінде өндіретін жаңа кәсіпорын өз жұмысын бастамақ, құны360 млн теңгені құрамақ.Бұл жобаның мақсаты – табиғи өнімдерді терең өңдеу арқылы экспорттық әлеуетті арттыру және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, 2025-2030 жылдары құны 145 млрд 625 млн теңгені құрайтын 157 ірі және шағын инвестициялық жобалар жүзеге асып, 1 790 адам жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, келесі жылы ауданда «Nomad» ЖШС-ң демалыс аймағы іске қосылады. Ал, 2026 жылы «Жанұя» ЖШС-ң емдік балшық пен жылы сумен емдеу орталығын іске қосу көзделген»,- деді аудан басшысы.
Бұдан бөлек, аудандағы Шәуілдір ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Нысан 2024 жылдың 15 желтоқсанына дейін пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Аққұм ауылынан дәрігерлік амбулатория құрылысы мен Шытты ауылынан фельдшерлік-акушерлік нысанның құрылысы жүргізілуде. Ғимараттар 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін ел игілігіне беріледі.
Инфрақұрылыммен қамту бойынша аудандағы 37 елді мекеннің 35-і орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Қалған екі елді мекенді ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. 2018-2023 жылдар аралығында 21 елді мекен табиғи газ жүйесіне қосылып, жалпы аудан халқының газбен қамтылу деңгейі 71,4 %-ға жеткен. 2024 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 13,7 шақырымдық 7 ішкі көшеге, жергілікті бюджет қаржысы есебінен 34,8 шақырымдық 29 көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп, қанағаттанарлық дәрежедегі жолдар үлесі 80,1%-ды құрап отыр.
Алдыңғы пост

ОТЫРАР АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Келесі жаңалық

 ОТЫРАР АУДАНЫНДА АНТИТЕРРОРЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі