КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Отырар ауданы әкімдігінде 19.11.2024 жылы аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтіп, онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, инфрақұрылымдық жобалар және басқа да маңызды мәселелер талқыланды. Мәжіліске аудан әкімімен бірге орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелердің жетекшілері және басқа да жауапты тұлғалар қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде аудан көлемінде құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың хәл-ақуалы жайлы, аудан бойынша автожолдарды жөндеу туралы, спорт ойын алаңшаларының құрылысы, ауыз су, газдандыру мәселесі, жарықтандыру, абаттандыру жұмыстарының барысы, Лейшманиоз ауруының алдын алу жұмыстары туралы мәселелер қаралып, атқарылуы тиісті жұмыстар пысықталды.
Қазіргі уақытта аудандағы бірнеше елді мекенде ауыз су жүйелерін жаңарту және газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының көптен бері көтеріп жүрген жолдарды жөндеу мәселесі де талқыланды.
Көтерілген мәселер бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Есінбек, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай, Отырар аудандық эпидемиологиялық санитарлық бақылау басқармасының басшысы Е.Рысқұлов баяндама жасады.
Мұнан соң облыс және аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы туралы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Мұрәділ Кизбаев хабарлама жасап, жұмыс барысында анықталған бірқатар кемшіліктерді атап өтті.
Аудан әкімі бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру үшін әрбір жобаға жан-жақты талдау жасау қажеттігін атап өтті. Ол халықтың сұранысына сәйкес бастамаларды қаржыландыру және олардың жүзеге асуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Мәжіліс қорытындысымен арнайы хаттама толтырылып, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы көтерілген мәселелерге байланысты тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеп, оның орындалуын қатаң бақылауды жауапты сала басшыларына жүктеді.
Сонымен қатар, аудан басшысы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше айтты. Ол әр жоба бойынша нәтижелерді уақытылы баяндап, туындаған мәселелерді жедел шешуді тапсырды.
Қорытынды
Кезекті аппарат мәжілісі Отырар ауданының дамуындағы маңызды міндеттерді айқындап, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстарға нақты бағыт-бағдар берді. Жиында көтерілген мәселелердің шешімі халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, аудан экономикасын тұрақты дамытуға және мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелі жүзеге асуына ықпал етпек.
Отырар ауданы әкімдігі осындай мәжілістерді тұрақты өткізіп, әрбір шешімнің тиімді орындалуын қамтамасыз ету арқылы өңірдің дамуына барынша үлес қосуға ниетті.