elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА АҚЫН АЙГҮЛ ҚАЛТАЙҚЫЗЫНЫҢ ӘДЕБИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

25 ноября, 2024
in Аймақ, Мәдениет, Түркістан облысы
0
ОТЫРАР АУДАНЫНДА АҚЫН АЙГҮЛ ҚАЛТАЙҚЫЗЫНЫҢ ӘДЕБИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
АҚЫН АЙГҮЛ ҚАЛТАЙҚЫЗЫНЫҢ ӘДЕБИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Бүгін аудандық мәдениет сарайында ақын Айгүл Қалтайқызының «Отырарым — сағынышым» атты әдеби-шығармашылық кеші өтті. Ақынның поэзиялық кешіне арналған арнайы тақырыптық көрмені және ақынның өнер мен өмір жолы туралы бейнебаянды тамашалаудан басталған кешті аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлісінің басшысы Сағынтай Тәтібайұлы жүргізіп отырды.
Ақынды сахна төріне автордың өз сөзіне жазылған, Роза Есенгелдиеваның «Туған күнге тарту» әнімен әнші Жанар Арыстанбаева алып шықса, аудан әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы құттықтау сөз сөйлеп, ақынның шығармашылық жолына сәттілік тіледі. Отырар өлкесінен шыққан дарындардың көшіне ілескен ақынның шығармашылық жолының даңғыл болуына тілектестігін білдірді. Ақын Асқарбек Сапарбаев жырдан шашу ұсынып, ел ықыласын арнаумен жеткізді.
“АMANAT” партиясы Отырар аудандық филиалы «Ұлттық мұра» жобасы аясында қолдау білдіріп «Отырар әдебиеті және өнері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Туған жер, тарихы бай Отырарым» тақырыбымен өткен аудандық жазба ақындар айтысының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі де шараның мәнін айшықтай түсті. Бұл сайысқа партия филиалының және аудандық мәслихаттың төрағасы Ұзақов Уалихан Жамалханұлы демеушілік етті. «Аманат» партиясы Отырар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Таңатаров Еркеғали Құралбекұлы ақындарға ыстық лебізін білдіріп, жүлдегерлерге партияның арнайы алғыс хаты мен қаржылай сыйлықтарын табыстады. Жазба ақындар айтысының бас жүлде иегері — Асқарбек Сапарбаев /100 мың/ иеленсе, 1-орынды Жәутік Асылжан /80 мың/ 2-орынды Төлеш Сейітқұл /60 мың/
3-орынды Жұмахан Бегманұлы /30 мың/ және Есмырза Ахмет /30 мың/ иеленді.
Әдеби кешке ҚР педагогикалық академиясының профессоры, Еңбек Даңқы орденінің иегері, ұлағатты ұстаз, ақын, жазушы, Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының «Жас қаламгер» ақындар клубының жетекшісі Марғуба Мұхтарқызы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, балалар ақыны Дәркен Танабаев, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Эльмира Сәрсенбайқызы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Жаңыл Қансейітова, ақын Серік Жүнісбай, «Зиялы қазақ» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі, Айгүл Қалтайқызын ақындыққа тәрбиелеген алғашқы ұстазы Қайыпназар Қожамқұлов кешке арнайы қонақ боп, шығармашылық иесіне ізгі тілектерін білдірді. ҚР Суретшілері мен дизайнерлер одағының мүшесі Қарабдалов Кендебай ағамыз, ҚР Мәдениет саласының үздігі, суретші Әділхан Мәлік, «Отырар әдебиет және өнер бірлестігінің төрағасы Полатбаев Дәурен Темірханұлы және Айгүл Қалтайқызының білім алған ордасы Шілік мектебінің директоры Баубеков Нұрдәулет Бейсенбайұлы, ақынның анасы Рысгүл анамыз бен бауырлары сахна төріне шығып ыстық ықыластарын білдірді.
Кеш ақынның сөзіне жазылған сағыныш пен өмір өткелдерін суреттейтін лирикалық шығармасы «Түсіңе тағы кірдім бе?», «Ана сатып аламын», «Ақ гүлім», «Ғашығым», «Асылым менің» әндерімен әрленсе, ақын өлеңдерін көркемсөз шеберлері көрермен жүрегіне жеткізе алды.
Қазақ поэзиясына жаңа леппен келген, өзіндік айтар ойы бар Айүл Қалтайқызы халықаралық «Бейбітшілік әлемі» жазушылар одағының мүшесі. Бүгінде оның шығармашылық жолнда жеткен жетістіктері де аз емес. Ол халықаралық «Тарақ таңбалы тарлан» жыр мүшәйрасында «Көкжиек» марапатының иегері, 2023 жылы өткен халықаралық «Тұран тұлғасы» жыр мүшәйрасында Ж.Тәшенов атындағы арнайы марапат алған. Республикалық «Өлең — сөздің патшасы» шығармашылық бірлестігінің 2021 жылғы «Үздік ақын» номинация иегері. Республикалық бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Сондай-ақ, Балалар әдебиетіне қосқан үлесіде мақтанарлық жетістік. «Зиялы Қазақ» шығармашылық бірлестігінің «Мөлдір бұлақ», «Шамшырақ» және «Балдәурен» жыр-жинақтарына балаларға арналған бірнеше өлеңдері енген. 2023 жылы «Сүмбіле туғанда» атты өзінің алғашқы авторлық жеке жыр жинағы жарық көрген.
Алдыңғы пост

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ АНАЛАРЫНА АЛТЫН АЛҚА ТАБЫСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі