ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Ауданда тұрғындар мен жастар арасындағы діни сауаттылықты арттыру, діни жат ағымдардың алдын алу мақсатында «Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге дінтану және гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы Марат Ержігітов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Назира Сауытбаева қатысты.
Алдымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандағы спорт мектептері мен жастар ресурстық орталығында өткен жиын түс ауа аудандық орталық ауруханасы мен Отырар орман шаруашылығы, ветеринария мекемелері және «Мансап» орталығында жалғасын тапты.
Түрлі сала қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиында дінтану және гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы Марат Ержігітов жастардың діни сайттарды сауатты пайдалануда сенімді ақпарат көздеріне жүгінуі керек екендігі туралы, діни сауаттылықтың төмендігінен жат ағымдардың жетегінде кету сынды мәселелер орын алатыны жөнінде айтып өтті. Жалпы еліміздегі болып жатқан діни ахуалға тоқталып, дін атын жамылған ағымдардың ел бірлігіне төндіріп отырған қауіпті әрекетіне тоқталып, қазіргі ашық ақпараттық қоғамда жастарымыздың жат пейілді діни ағымдардың жетегінде кетіп қалмау үшін өз дініне беріктік, діни сауаттылық қажет екенін ашып айтты.
. Олар деструктивті ағымдардың белгілері, олардың таралу әдістері және бұл қауіптен қалай сақтануға болатыны туралы нақты мысалдар келтіре отырып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, қатысушыларға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңдары, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес шаралары туралы түсіндірілді.
Түсіндірме жұмыстарының қорытындысында ұйымдастырушылар халықтың діни сауаттылығын арттыру үшін осындай шараларды тұрақты түрде өткізу маңызды екенін атап өтті. Аудан әкімдігі мен дін істері басқармасы қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау жолында ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды жалғастыра бермек.