elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

Отырар ауданында кәсіпкерлер кеңесінің кезекті жиыны өтті.

25 ноября, 2024
in Аймақ, Түркістан облысы, Экономика, Әлеумет, Өнеркәсіп
0
Отырар ауданында кәсіпкерлер кеңесінің кезекті жиыны өтті.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

АУДАНДА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Отырар ауданында кәсіпкерлер кеңесінің кезекті жиыны өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбеков, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы аудандық филилының директоры Ұлан Абдирахимов және кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Кеңес отырысында бизнестің проблемалық мәселелері және салаларды дамыту жөніндегі ұсыныстар мен алдағы 2025 жылға арналған жылдық жоспар талқыланып, пысықталды,онда шағын және орта бизнесті дамыту, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мәселелері талқыланды. Кеңес төрағасы Н.О.Орынбасар алдағы 2025 жылға жылдық жоспарын бекітіп, алда атқарылатын жұмыстарды атап өтті.
Жиын барысында кеңес мүшесі Бегалы Әймішов агроөнеркәсіп саласы бойынша өндірілген өнімнің өткізу тізбегі жөнінде едәуір қиындықтардың барын айтты. Әсіресе жүгері өнімдерін әлі күнге өткізе алмай жүрген бірнеше шаруалар бар, микро қаржылық ұйымдардан («Ырыс» МҚҰ, «Оңтүстік инвестициялық орталығы» МҚҰ) алған несиелерді төлеуі үлкен мәселе болып тұрғандығын жеткізді. Сондай-ақ, Ержан Асанов: аудан орталығында Kaspi Bank терминалдарына қажеттілік бар деген ойын білдірді, себебі халық саны артып келеді, айналым қаражаттарын толықтыру, бір түрден екінші түрге ауыстыруда қиындықтар бар екенін атап өтті. Сонымен қатар азық-түлік сақтау қоймаларының жоқтығы, егер арнайы жабдықталған қоймалар болса астықты, көкөністер мен бақша дақылдарын 6 айға дейін сақтау мүмкіндіктері болатынын айтты.
Кездесуде Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбеков Отырар ауданының жалпы мүмкіндіктерін зерделеп, кәсіпкерлердің ұсыныстарын қорытындылай келе азық-түлік, астық қоймаларын салуға мүмкіндігі бар кәсіпкерлермен байланыс орнатып жұмыстар жүргізу қажеттілігін атап өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Т.А.Елекеев алдымен кәсіпкердің дербес біліктілігі, маркетингтік жоспары болу керектігін, өнімді өндіруден бастап тиісті сөреге жеткенге дейінгі аралықта бірнеше кедергілердің болатынын, барлық талаптардың заңға сәйкестігі (фитосанитариялық т.б. сертификаттар) жөнінде тұщымды ой-пікірімен бөлісті. Алдағы уақытты міндетті түрде бұл бағытта жұмыстарды жандандыру бойынша тиісті жұмыстарды атқару керектігін айтып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Алдыңғы пост

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі жаңалық

ҚОС БІРДЕЙ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі