elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН ШАНШАР

28 ноября, 2024
in Аймақ, Мәдениет, Түркістан облысы, Қазақстан
0
ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН ШАНШАР
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН ШАНШАР
Отырар аудандық мәдениет үйінде елімізге белгілі «Шаншар» әзіл-сықақ театрының 30 жылдық мерейтойына арналған концерті өтті. 1994 жылы құрылған өнер ұжымының астарлы әзілін, уытты қойылымдарын тамашалауға келгендердің қатары қалың болды. Театр актерлері қоғамдағы түрлі келеңсіз жағдайларды әзілге айналдырып, жиналғандардың езуіне күлкі үйірді.
Мерекелік кешке аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы арнайы барып қатысып, құттықтау лебізін жеткізді.
Аудан басшысы өз сөзінде: «Сіздерді 30 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Дарынды ұжымдарыңыздың арқасында театр сахналарында мазмұны бай, мағынасы терең туындылар ұсынып қазақ халқының қуаныша себепші болып келесіздер. Бұл шын мәнінде көрермендердің сүйікті театры. Сонау 1994 жылдан бастап «Шаншар» сықақ театрының көшін бастап, барша қазақтың жоғын жоқтап, халық көкейіндегі келелі проблемалардың шешілуіне әдемі әзілмен жол тауып, халыққа күлкі силап жүретін сіздерге барша отырарлықтардың атынан айрықша алғыс айтамын. Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіздің еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар. Осынау игілікті істе қанаттарыңыз талмасын, қажыр-қайраттарыңыз қашанда арта берсін», — дей келе, сатираның қос саңлағы атанған отырарлық Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораның иығына зерлі шапан жауып, құрмет көрсетті.
Концерт барысында «Шаншар» әзіл-сықақ театрының өнерпаздары әзілмен өрілген қойылымдарын ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жаңа бағдарлама бойынша өнер көрсеткен театр мүшелері аудан тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді. «Шаншар» әзіл-сықақ театрының басшысы У.Әбдірайымов отырарлық жерлестерінің ыстық ықыласы мен ерекше қошеметіне шынайы ризашылығын білдірді. Бұған дейін өнердегі алғашқы еңбек жолын Отырар ауданындағы мәдениет үйінің директоры болып бастағанын айтып, киелі топырақтан әлі талай дарынды азаматтардың шығатынына сенім білдірді.
Астарлы әзіл, ой саларлық қалжыңымен көрерменнің жүрегінен жол тауып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген театрдың кешіне келген өнер сүйер қауым қимастық көңілмен тарқасты.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ.

Келесі жаңалық

ОТЫРАР АУДАНДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі