

“Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” республикалық акция аясында “Ана мен бала денсаулығын сақтау” тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – ана мен бала денсаулығын қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Медициналық және психологиялық кеңестер беріліп, түрлі маңызды ақпараттар ұсынылып, семинар-тренинг өткізілді.
Біздің қоғамда ана мен баланың қауіпсіздігі мен денсаулығы – басты құндылықтардың бірі.
Денсаулық – әр отбасының бақытының кепілі. Біз әрқашан сіздермен бірге, қолдау көрсетуге дайынбыз!