

Осы бағытта түрлі аймақтарда жолдарды жөндеу және салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мысалы, республикалық маңызы бар жолдардың 85%-дан астамы жақын арада жаңартылып, сапасы халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі. Сонымен қатар, ауыл-аймақтарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жобалары жалғасып жатыр.
Интернетке қолжетімділікті арттыру да маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырылуда. Қашықтан білім алу мен цифрлық қызметтерге сұраныс артқан заманда, елді мекендердің 97%-ы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылмақ. Бұл бастамалар халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттыруға бағытталған.
Осы ретте Кентау қаласында жыл соңына дейін тұрғындарды газбен қамту үлесін 93%-ға жеткізу жоспарланған. Бүгінгі таңға дейін 18 000 абоненттің 14 981-і, яғни 83%-ы табиғи газ жүйесіне қосылған. Сондай-ақ, қазіргі таңда Хантағы ауылына және №5 Жылу энергия орталығына дейін табиғи газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес 12,3 шақырымды құрайтын магистральды газ құбырын тарту қарастырылған. Бұдан бөлек, 3 шақырымдық монтаждау жұмыстары жүргізіліп, құрылыс жұмыстары жалғасуда.