elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚАНАҒАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҮЛЕСІ 80 ПАЙЫЗДАН АСҚАН

6 декабря, 2024
in Аймақ, Түркістан облысы, Экономика, Әлеумет
0
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚАНАҒАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҮЛЕСІ 80 ПАЙЫЗДАН АСҚАН
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚАНАҒАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҮЛЕСІ 80 ПАЙЫЗДАН АСҚАН

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдегі инфрақұрылым саласында оң өзгерістер керектігін айтқан болатынМемлекет басшысы атап өткендей, халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін сапалы жолдар, таза ауыз су, қолжетімді интернет және заманауи тұрғын үй мәселелерін шешу – басымдықтардың бірі.

Осы бағытта түрлі аймақтарда жолдарды жөндеу және салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мысалы, республикалық маңызы бар жолдардың 85%-дан астамы жақын арада жаңартылып, сапасы халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі. Сонымен қатар, ауыл-аймақтарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жобалары жалғасып жатыр.

. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түлкібас ауданында тұрғындардың өтініші негізінде ішкі тозығы жеткен жолдарды ретке келтіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келеді.

Биылдың өзінде аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтің халық алдындағы есептік кездесулері мен жеке қабылдауларында көтерілген аймақтағы 9 елді мекеннің 26 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәселен, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Ақбиік, Жабағылы, Кемербастау, Керейт, Қараағашты және Елтай елді мекендерінің 19 көшесі республикалық бюджет есебінен, Т.Рысқұлов, Рысқұл және Таусағыз елді мекендерінің 7 ішкі көшесі аудандық бюджет есебінен жөнделіп, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Нәтижесіне аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 86,2 пайызға артып отыр.
Сонымен қатар, биыл көп жылдан бері Сарытөр, Құлан елді мекендері тұрғындарының көкейінде жүрген аудан орталығымен байланыстырып тұрған облыстық маңызы бар 18,3 шақырымды құрайтын КХ-70 «Т.Рысқұлов-Құлан-Сарытөр» бағытындағы автожолды жөндеу жұмыстары басталды. Нысан келесі жылға өтпелі.
Алдыңғы пост

КЕНТАУ ҚАЛАСЫН ГАЗБЕН ҚАМТУ ҮЛЕСІ БИЫЛ 93 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ТРОПИКАЛЫҚ ТАЛДАР ӨСЕТІН САЯБАҚ АШЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі