elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ САЛЫНЫП ЖАТҚАН МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

7 декабря, 2024
in Аймақ, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Қоғам
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ САЛЫНЫП ЖАТҚАН МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ САЛЫНЫП ЖАТҚАН МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына жасаған іссапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында құрылысы жүріп жатқан білім ұясында болды.
Жоба аясында өткен жылдың соңында Жетісай қаласынан 1500 орындық, Асықата кентінен 900 орындық және Ынтымақ ауылдық округінің Ақниет елді мекенінен 600 орындық мектептердің құрылысы басталып, 2025 жылы қолданысқа тапсырылады деп жоспарланған.
Өңір басшысы Асықата кентіндегі құны 7 млрд теңгені құрайтын нысанның құрылыс сапасын тексеріп, мердігер мекеме басшыларымен кездесті. Жауапты сала басшыларына өндірістік кестеден кешікпей, сапасын қатаң қадағалауды тапсырды. Мектеп ауласына ағаш екті.
Заманауи пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталатын мектепте оқушылардың сапалы білім алуларына толық жағдай жасалады. Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік беріледі.
Ауданда оқушылар мен ұстаздарды заманауи мектептермен қамту мақсатында биылдың өзінде жеке инвестиция есебінен Жетісай қаласынан 720 орындық 2 мектеп пайдалануға берілсе, келесі жылы 1300 оқушыға есептелген тағы 3 мектеп инвесторлар есебінен салынады.
Айта кетейік, облыста демографиялық өсім жоғары. Қосымша 35 мың оқушы орынға тапшылық бар. Аталған мәселені шешу мақсатында биыл 50 мектептің құрылысы жүргізілуде. Мектептердің 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында соғылуда. Биыл алғашқы рет көптен бері жөндеу көрмеген 300-ден астам білім ұясына жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 10 ЕЛДІ МЕКЕНДІ ГАЗБЕН ҚАМТИТЫН ГАЗ ҚҰБЫРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТӘУЛІГІНЕ 800 ЖҰП АЯҚ КИІМ ШЫҒАРЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі