elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТӘУЛІГІНЕ 800 ЖҰП АЯҚ КИІМ ШЫҒАРЫЛАДЫ

7 декабря, 2024
in Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Экономика, Өнеркәсіп
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТӘУЛІГІНЕ 800 ЖҰП АЯҚ КИІМ ШЫҒАРЫЛАДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТӘУЛІГІНЕ 800 ЖҰП АЯҚ КИІМ ШЫҒАРЫЛАДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына жасаған іссапарын Ш.Ділдәбеков ауылдық округіндегі аяқ киім шығаратын шағын цехтың жұмысымен танысудан бастады.
Бүгінде Сәкен Шораевтың басшылығындағы «Sh.S.САМҰРЫҚ» ЖШС-де 30 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс орнының қуаттылығы жылына 250 мың жұп аяқ киім болса, бүгінде тәулігіне аяқ киімнің 30-ға тарта түрінен 800 жұп аяқ киім шығарылуда.
Облыс әкімі аудан, қалаларда шағын кәсіпкерлікті дамыту, цехтар мен өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.
Өндіріске қажетті негізгі шикізатты Қытай елінен алдыратын кәсіпкер кәсіпорынды іске қосу үшін жеке қаржысы есебінен 500 млн теңге инвестиция салғанын айтады. Бүгінде Жетісайдан шыққан аяқ киімдер жергілікті базарлармен қатар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сауда орындарында сатылуда.
Екі жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан өндіріс орны бәсекелестікке толықтай төтеп бере алады. Себебі өндірген өнімдерінің бағасы төмен болғанымен, сапасы жоғары. Көлемі жағынан 25 пен 45 өлшемді аяқ киімдерді тігетін өндіріс орнының басшысы алдағы уақытта кәсіпорынның ауқымын да, қуаттылығын да арттырмақ. Сол арқылы жұмысшылар санын көбейтіп, отандық өнімдерін брендке айналдыруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Түркістан облысында аудан, қалалардың 2030 жылға дейінгі даму жоспары әзірленіп, қабылдануда. Ол құжаттарда өңірлік өнім көлемін ұлғайту, өндіріс орындарын көбейтуге басымдық берілген. Ал облыстық деңгейде, өңірдің өркендеуіне тың серпін беретін энертегика, агроөнеркәсіптік кешен, өндіріс және қайта өңдеу, туризм салаларында маңызды 145 инвестициялық жобалар пулы дайындалды. Аталған жобаларды жүзеге асыру арқылы 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуды көзделген.
Алдыңғы пост

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ САЛЫНЫП ЖАТҚАН МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ СИНГАПУР МЕН МАЛАЙЗИЯДА БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі