elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАНҒА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ ЕЛДЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

7 декабря, 2024
in Аймақ, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Қоғам
0
ТҮРКІСТАНҒА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ ЕЛДЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАНҒА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ ЕЛДЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ
Түркістан облысының туристік әлеуетін арттыру бағытында ауқымды жобалар қолға алынып, туристік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркістан қаласына келген Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің өкілдерімен және байқаушыларымен кездесті. Жүздесуде өңірдің туристік әлеуеті мен мүмкіндіктері таныстырылып, туристер санын арттыру жайы талқыланды. Туризм саласында білікті кадрларды даярлау, қызмет көрсету сапасын жетілдіру туралы ұсыныс-пікірлер айтылды.
Зұлпыхар Жолдасов Түркістан қаласының әлеуетіне тоқталып, туризм саласын дамыту бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.
– Киелі Түркістан өңіріне қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Түркістан – атажұртымыздың алтын қазығы. Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер». 2021 жылы өткен Түркі мемлекеттер басшыларының бейресми саммитінде Түркістан қаласы – Түркі әлемінің рухани астанасы статусына ие болса, 2024 жыл «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» атанды. Туризм – Түркістан облысы экономикасының басым бағыттарының бірі. Үкімет пен әкімдік өңірдің туристік саласын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Негізгі жұмыстар аймаққа туристер ағынын арттыруға бағытталған. Осыған байланысты мәдени-бұқаралық және іс-шаралар өткізіліп жатыр. Отандық және шетелдік туроператорлармен байланыстар орнатылып, Түркістан қаласындағы әуежайдың ұшу бағыттарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған Түркі мемлекеттер өкілдеріне арналған кездесу елдер арасында ынтамақтастықты арттыруға тың серпін береді деп ойлаймын. Осы сапарларыңыз барысында Түркістаннан ерекше әсер алып, жаңа сезіммен отандарыңызға оралады деп сенемін, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген делегация түркістандықтардың қонақжайлылығына алғыс білдіріп, өңір туралы алған әсерлерімен бөлісті. Өздері үшін жаңа локациялар ашылып жатқанын тілге тиек етіп, ынтымақтастық орнатуға дайын екендерін жеткізді.
Кездесуде Облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Демеуов салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Өңірде туризм саласының 3 негізгі бағыты айқындалған. Нақтырақ айтқанда, тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмін дамыту бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді. Салаға жыл басынан бері 63 млрд теңге инвестиция бағытталған. Туристерге қосымша өнімдер және жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынуда.
Түркістан облысына жыл басынан бері 400 мыңнан астам турист келді. Табиғи аумақтарға келушілер саны 124 мың адам болса, шипажайға келушілер саны – 135 мың адам, қонақ үйге қонушылар саны 210 мың адамды құрады. Сонымен қатар тарихи орындарға 810 мың адам саяхаттаған. Е-qonaq жүйесіндегі дерекке сәйкес биылғы 10 айда аймаққа 19 мың шетелдік турист келген.
Айта кетейік, түркі елдерінен келген қонақтар Түркістаннның туризм әлеуеті мен даму бағыттарын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған халықаралық туризм семинар-тренингіне қатысып, тәжірибе алмасты. Үш күнге жалғасатын бағдарлама бойынша қатысушылар Түркістан қаласының рухани-мәдени орталығын аралап, Отырар және Сауран аудандарындағы тарихи орындармен танысады.
Алдыңғы пост

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ МАҚТААРАЛДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЖЫЛДА 6 АГТС САЛЫНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі