elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЖЫЛДА 6 АГТС САЛЫНДЫ

7 декабря, 2024
in Аймақ, Түркістан облысы, Экономика, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЖЫЛДА 6 АГТС САЛЫНДЫ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЖЫЛДА 6 АГТС САЛЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын жүзеге асыру аясында елде инфрақұрылымға қатысты маңызды мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде.
Түркістан облысында елді мекендерді газбен қамту жұмысы өте қарқынды. Екі жылда 6 автоматтандырылған газ тарату станциясы ел игілігіне тапсырылып, газ желілері ұзарды. Солардың бірі Мақтаарал ауданы, Игілік елді мекенінде орналасқан. Аталған маңызды нысанға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, АГТС-тың жай-күйімен танысты. Тұрғындарды құттықтады.
– Өңірде елді мекендерді газбен қамту жұмысы жалғасады. Газ тарату станциялары салынып, аймақтың инфрақұрылымы жақсара түсті. Бұның бәрі мемлекеттік қолдаудың нәтижесі, – деген облыс әкімі тұрғындармен жүздесіп, пікір алмасты. Жауапты басқарма басшысы мен аудан әкіміне газдандыру бағытындағы жұмысты жүйелі түрде атқаруды тапсырды.
«Мақтаарал» автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы ауданды газбен қамту көрсеткіші жақсара түскен. Жалпы бүгінде аудан халқының 75,6%-ы газбен қамтылған. Тұрғындарды 100% қамту үшін қосымша автоматтандырылған газ тарту станциясы салынып, 19 елді мекенде ішкі газ жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Ол үшін 2024 жылға 4,7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Тағы 4 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, қаржы бөлуге ұсынылған.
Айта кетейік, елді мекендерді газбен қамту жұмыстары бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында келеді. Екі жылда 187 мың тұрғын, 90 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНҒА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ ЕЛДЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

Келесі жаңалық

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАБА ТҮКТІ ШАШТЫ ӘЗІЗ КЕСЕНЕСІ АУМАҒЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі