elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Білім

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 БІЛІМ ҰЯСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

9 декабря, 2024
in Білім, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Қазақстан
0
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 БІЛІМ ҰЯСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 БІЛІМ ҰЯСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылуына ерекше назар аударуды тапсырды. Жоба аясында елімізде 2025 жылға дейін 800 мыңнан астам оқушыға арналған заманауи мектептер салу көзделген. Президент бұл бастаманың білім беру сапасын арттыруда маңызды екенін атап өтті. Ол мектептердің құрылыс сапасы, заманауи инфрақұрылым және оқыту жағдайларына басымдық беруді талап етті. Жоба оқушылардың білім алуына қолайлы орта қалыптастыруды және ауыл мен қала мектептері арасындағы айырмашылықты азайтуды мақсат етеді.
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 3 білім ұясының құрылысы толық аяқталып, жақын күндері пайдалануға беру жоспарланған. Өңірде дәл осындай 29 мектеп соғылуда. Онда 20 мыңнан астам оқушы білім алатын болады. Заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ошақтары Президент бастамасымен салынып жатыр. Барлық жауапты басшылардың басын қосқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс барысын пысықтап, жұмысты ширатуды тапсырды.
– Басты назар – сапада. Жұмысты жеделдетіп, дер кезінде тапсыру керек. Ашылуға дайын мектептердің инфрақұрылым желісіне қосылуын жіті қадағалаған жөн. Ерекше жобаның құрылысы қатаң бақылауда тұр, – деді облыс әкімі.
Жиналыста ауыл мен қалада бірыңғай жобамен салынып жатқан білім ұяларының құрылыс барысы туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру департаментінің Түркістан облысы бойынша өңірлік басшысы Сәкен Әшірбаев баяндады. Мәлімдеуінше, жыл соңына дейін кестеге сәйкес жоспарланған мектептер толық тапсырылады.
Сондай-ақ мердігерлердің пікірі тыңдалып, тиісті тапсырмалар жүктелді. Жаңа мектептердің инфрақұрылымы бойынша әр мердігерден жеке-жеке есеп алынды. Қазіргі таңда өңірде ұлттық жоба бойынша салынған бір мектеп тапсырылды.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МИЯ ӨСІМДІГІН ӨҢДЕЙТІН ЕРЕКШЕ КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП, ТҮРЛІ КӨШЕТТЕР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі