elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП, ТҮРЛІ КӨШЕТТЕР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

9 декабря, 2024
in Аймақ, Түркістан облысы, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП, ТҮРЛІ КӨШЕТТЕР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП, ТҮРЛІ КӨШЕТТЕР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Жетісай ауданында ауқымды сенбілік өтті. Оған мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, ерікті жастар мен аудан тұрғындары, мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.
Аталмыш сенбілік аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері өздеріне бөліп бекітілген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізсе, ауданның әрбір тұрғыны үй іргелік жерлерін күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартты. Сондай-ақ саябақтар мен көшелер, арық-атыздар тазаланды.
Сонымен қатар ауданға кірер негізгі күре жолдардың бойы тазартылып, жасыл желеңге айналдыру мақсатында түрлі декоративті ағаштардың көшеттері отырғызылды. Әрбір көшетті күтіп-баптау жұмыстары тұрғындарға түсіндіріліп, мамандар табиғатты аялауға шақырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экология мәселелеріне ерекше тоқталып, «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңыздылығын атап өтті. Президент табиғатты қорғау мен экологиялық ахуалды жақсарту еліміздің басты міндеттерінің бірі екенін айтты. Қоршаған ортаны қорғауда кешенді шаралар қабылдау қажеттігін ерекше атап өтті, соның ішінде қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, ауаның ластануын азайту және су ресурстарын ұқыпты пайдалану мәселелері бар.

Президент «жасыл экономикаға» көшу және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға назар аудару керектігін де еске салды. Бұл қадамдар Қазақстанның экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, болашақ ұрпақ үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, азаматтық қоғамды экологиялық жобаларға белсенді тарту мен жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендерді көгалдандыру, табиғи қорықтарды сақтау және өндіріс орындарының экологиялық стандарттарды сақтауын қамтамасыз ету міндеттелді. Президент бұл бастамалардың орындалуы үшін барлық деңгейдегі билік органдары мен қоғам бірлесіп жұмыс істеуі керек екенін баса айтты.

Алдыңғы пост

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 БІЛІМ ҰЯСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Келесі жаңалық

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі