



Елімізде экологиялық тепе-теңдікті сақтау және табиғатты қорғау мақсатында жасыл белбеу аймақтарын ұлғайту жұмыстары қолға алынды. Президент жасыл белбеудің маңыздылығын атап өтіп, бұл бастаманы елдің тұрақты дамуына ықпал ететін негізгі қадам ретінде бағалады.
«Жасыл белбеу – тек ағаш отырғызу емес, бұл экологиялық мәдениетті қалыптастырудың бір бөлігі. Ол климаттық өзгерістерге төтеп беруге және халықтың өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді», — деді Мемлекет басшысы.Бұл экожүйені жақсартып, атмосферадағы көмірқышқыл газын азайтуға септігін тигізеді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 1200 гектар аумаққа егіліп жатқан сексеуіл отырғызу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда, бұл алқап 400 мың түптен аса сексеуіл көшетімен толықтырылды. Одан бөлек 900 гектар аумақта күзгі тұқым себу жұмыстарына жер дайындалып, 6 000 келі сексеуіл тұқымы себілді. Мамандар сексеуіл алқабын ұлғайту туралы ұсыныстары мен пікірлерін айтты.