

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ҚАРДАН ТАЗАЛАНУДА.
Облыстық маңызы бар жолдарда қар күреу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қар тазалау жұмыстарына «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан жалпы 59 арнайы техника және 170-ке жуық адам жұмылдырылған. Қазіргі уақытта жолдар қардан тазаланып, тұрақты көлік көзғалысы қамтамасыз етілген. Сондай-ақ кәсіпорын тарапынан кезекшіліктер ұйымдастырылған.