elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

«Нашақорлыққа жол жоқ»тақырыбында жиналыс өткізілді.

14 мая, 2025
in Аймақ, Білім, Түркістан облысы, Қазақстан, Қоғам
0
«Нашақорлыққа жол жоқ»тақырыбында жиналыс өткізілді.
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Т.Рысқұлов атындағы N24 жалпы білім беретін мектебінде құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың,зорлық-зомбылық, жыныстық тиіспеушіліктің, буллингтің, әлімжеттіліктің алдын алу мақсатында
7-8 сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында көктем мезгілінде табиғат аясында ата-анасыз маёвкаға шықпау,тауға, суға жалғыз бармау, қауіпсіздік ережелерін сақтау, бос уақытта спортпен айналысу, денсаулыққа зиянды заттарды, темекі, ішімдікті пайдаланбау, түнгі мезгілде жүрмеу туралы ескертілді.

Жиналыстың мақсаты – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу, олардың салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын арттыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.

Іс-шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ашып, қазіргі қоғамда нашақорлықтың жастарға тигізер зардабы жайында кеңінен әңгіме жүргізді. Сонымен қатар, мектеп психологы мен әлеуметтік педагог сөз сөйлеп, нашақорлыққа итермелейтін себептер, одан туындайтын психологиялық және әлеуметтік мәселелер туралы баяндады.

Жиналыс барысында оқушылармен интерактивті сұрақ-жауап ұйымдастырылып, бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар нашақорлықтың алдын алу жолдары, дос таңдаудың маңыздылығы, бос уақытты тиімді өткізу туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен бірге, «Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі» атты шағын көрініс қойылып, жасөспірімдерге теріс әрекеттердің салдары көркем түрде түсіндірілді.

Шара соңында әр оқушыдан нашақорлыққа қарсы көзқарасы мен ұсынысын жазу сұралды. Бұл жиналыс оқушылардың есінде қалатындай әсерлі өтті. Барлығы нашақорлықтың адам өміріне қауіптілігі мен болашаққа тигізер кесірі туралы нақты түсінік алды. Мұндай іс-шаралар мектеп қабырғасында жиі өткізіліп тұруы тиіс, себебі бұл – болашақ ұрпақтың дені сау, саналы азамат болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.

Алдыңғы пост

Кентау қаласы әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясында жазғы демалыс барысында оқушылары арасында құқық бұзушылық пен бұзақылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Келесі жаңалық

Әбу Нәсір әл-Фараби оқулары облыстық байқауы өтті . Кентау балалар кітапханасында.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі