МАГИСТРАНТТАР ТӘЖІРИБЕЛІК АЛАҢДА БАС ҚОСТЫ
2025 жылғы 15 мамыр күні қалалық «Жастар ресурстық орталығында» Кентау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ed Tech-жаңашыл әдістер: тиімді тәжірибе мен үздік нәтижелер» тақырыбындағы магистрлердің коллаборациялық тәжірибелік алаңы өтті. Бұл шара магистранттардың ғылыми-практикалық әлеуетін арттыру, кәсіби шеберліктерін шыңдау және теориялық білімдерін практикамен ұштастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Алаңда жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жұмыс жасайтын педагогтер бас қосты. Тәжірибелік алаңда магистранттар 3 кезең бойынша өз іс –тәжірибелерімен бөлісті.
I-кезеңде: Жоба қорғау Авторлық оқу бағдарламасын немесе бағдарламалық өнім (software)- Ізденіс пен идеяларды болашақпен байланыстырады, ғылыми жобаларға дайындық жолдары» ғылыми зерттеу мен тәжірибені біріктіретін форматта; (зерттелген процесс) Әр қатысушы өз жобасы арқылы болашақ білім беру моделін қалыптастыруға арналған ізденісін көрсетті.
II-кезеңде: “EdTech шеберлігі” – Мастер-класс. Шығармашылық шеберхана, еркін форматта магистрлер өз тәжірибесімен бөлісе отырып, тың идеялар мен заманауи технологиялар арқылы өткізілетін сабақ үлгілерін көрсеттті.
III-кезеңде: “Талантыңмен таңқалдыр!”. Еркін шығармашылық өнер көрсету (ән, би, қойылым, мәнерлеп оқу т.б.). Бұл бөлімде қатысушылар өздерінің өнерлерін ортаға салды. Мұғалім тек білім беруші ғана емес, сонымен бірге өнерлі, жан-жақты тұлға екенін дәлелдеді.
Тәжірибелік алаң жас зерттеушілердің кәсіби тұрғыдан дамуына тың серпін беріп, оларды ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға бағыттады. Іс-шара барысында магистранттар өз ғылыми жобаларын таныстырып, өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетті.
Іс шарада Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» тарих пәні әдіскері, магистр Абилхасимов Наурыз Есенжолұлы; Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің PHD оқытушысы, физик -магистр Досымов Елмұрат Рахманбердіұлы, Кентау қалалық білім бөлімінің бас маманы Абишева Майра Нұрғалиқызы өз ұсыныстары мен сындарлы пікірлерін білдірді.
Қадірлі магистранттар!
Ғылым жолындағы әрбір қадамыңыз нық болсын. Білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, еліміздің дамуына өз үлестеріңізді қосатын білікті маман, кәсіби тұлға боларыңызға сенім мол. Ізденістеріңіз нәтижелі, еңбектеріңіз жемісті болсын! Жаңа идеялар мен тың бастамалар әрдайым қолдау тауып, болашақта жарқын жетістіктерге жетелей берсін!
Сәттілік пен шабыт әрдайым серіктеріңіз болғай!

