elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛУДЕ

29 мая, 2025
in Uncategorized, Аймақ, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Қоғам, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛУДЕ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
 
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛУДЕ.
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың қатысуымен Түркістан қаласындағы №3 облыстық перинаталдық орталығында «Ана мен бала денсаулығын сақтау – перинаталдық көмекті жетілдірудің өзегі» атты республикалық дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараға еліміздің 20 өңірінен келген денсаулық сақтау саласының мамандары, және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев қатысты.
Жиын барысында ана өлімін төмендету, кадрлық әлеуетті нығайту, инфрақұрылымды жаңарту, телемедицина мен цифрландыруды дамыту мәселелері талқыланып, әр аймаққа жетекші орталықтардан үйлестірушілер бекітілді. Жиын барысында қатысушылар №3 орталықтағы неонаталдық, телемедициналық, диагностикалық бөлімдердің жұмысымен танысты.
Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Түркістан облысындағы жетекші медициналық мекеме – №1 Облыстық перинаталдық орталыққа арнайы барып, мекеменің ана мен бала денсаулығы бағытындағы жұмысымен танысты. Мұнда 2025 жылдың алғашқы 4 айында 2335 босану тіркеліп, 542 кесар тілігі жасалды.
Айта кетейік, мұндағы жаңа технологиялар мен «Дені сау ана» пансионаты, Катамнез кабинеті, триаж жүйесі сынды жаңашылдықтар орталықтың жұмыс тиімділігін арттыратын мүмкіндіктеріне айналған.Катамнез кабинеті — бұл емделушілердің сауығу немесе аурудың қайталану барысын бақылауға, ұзақ мерзімді динамикалық бақылау жүргізуге арналған медициналық құрылымдық бөлімше. Мұндай кабинет емдеу мекемелерінде, әсіресе диспансерлер мен мамандандырылған орталықтарда ашылады.

Катамнез дегеніміз — науқастың емделгеннен кейінгі жағдайын, оның еңбекке қабілеттілігін, аурудың қайталануы немесе асқыну мүмкіндігін бақылау. Бұл кабинет арқылы дәрігерлер пациенттермен байланысын үзбей, емнің нәтижелілігін бағалап, қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді.

Сондай-ақ, өткен жылы ашылған Ұрықты қорғау орталығы (ЦОП) мен клинико-диагностикалық зертхана жүкті әйелдер мен сәбилерге жоғары дәлдікпен медициналық қызмет көрсетіп келеді.

Орталық бүгінде Түркістан облысының 8 ауданына кураторлық және санитарлық авиациялық көмек көрсетіп, өңірлік медицинаның дамуы қарқын алған.
Алдыңғы пост

МЕКТЕП БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ПСИХОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ.

Келесі жаңалық

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. Ә.Сығай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 9-сынып білім алушылары математика (алгебра) пәнінен жазбаша мемлекеттік емтихан тапсырылды.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі