Отырар ауданында пробация есебіндегі азаматтармен кездесу өтті.2025 жылы 2 маусым күні Отырар ауданы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Отырар аудандық мәдениет сарайында пробация есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу мақсатында түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуде жұмыссыз азаматтарға жеңілдетілген несие беру, лизинг арқылы техника алу, қайтарымсыз гранттар мен әлеуметтік көмек көрсету, сонымен қатар, сұранысқа ие мамандықтарға оқыту, кәсіпкерлікке тарту жөнінде кеңінен түсіндірілді.
Жиынға аудандық қаржылық микроұйымдарының өкілдері, аудандық ауыл шаруашылығы, аудандық мансап орталығы еңбек мобильділігі КММ-сі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық пробация қызметі бөлімшесі және құқық қорғау органының өкілдері қатысты. Әр сала мамандары өз бағыттары бойынша нақты ақпарат ұсынып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу нәтижесінде қатысушылар мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат алып, нақты бағыттар бойынша кеңес алды.
Жиын тиімді өтіп, азаматтардың болашаққа сенімін арттырды.
