
Жазғы демалысты тиімді пайдаланып.Балабақша – бүлдіршіндердің шығармашылық қабілетін дамытып, өнерге деген сүйіспеншілігін оятатын алтын ұя. Осындай игі мақсатта «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері ерекше іс-шараға қатысты. Бұл жолы кішкентай суретшілер өз қолдарымен ақ фудболкаларға түрлі суреттер салып, шығармашылық шеберліктерін көрсетті.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың қиялын, ойлау қабілетін, түс пен пішінді үйлестіре білу дағдысын дамыту. Сонымен қатар, қол еңбегіне қызығушылықтарын арттырып, өз еңбектеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру. Әр бала өзінің ерекше идеясын фудболка бетіне бейнелеп, күн, гүл, бұлт, жүрекше, сүйікті кейіпкерлер мен табиғат көріністерін салып шықты. Түрлі-түсті бояулармен жұмыс істеу барысында олар тек қана сурет салып қойған жоқ, сонымен қатар достық, бірлік, махаббат секілді ұғымдарды бейнелеуге тырысты.
Тәрбиешілер бүлдіршіндерге бағыт-бағдар беріп, шығармашылық еркіндік танытты. Бұл балалардың өз-өзіне деген сенімін арттырып, бастамашыл болуға үйретті. Іс-шара барысында балалар бір-біріне көмектесіп, пікірлерімен бөлісіп, достық қарым-қатынасын нығайтты.
Фудболкаларға салынған суреттер іс-шара соңында көрме ретінде безендіріліп, ата-аналар назарына ұсынылды. Ата-аналар балаларының еңбегін мақтанышпен тамашалап, олардың шынайы қуанышын бірге бөлісті. Әр фудболка – баланың жүрегінен шыққан таза өнердің туындысы іспетті болды.
Мұндай шығармашылық бағыттағы іс-шаралар балалардың жан-жақты дамуына оң әсер етеді. Олар өз ойын ашық айтуға, еркін ойлауға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, кішкентайынан өнерге бейімделген бала болашақта өнерге жақын, шығармашыл тұлға ретінде қалыптасады.
«Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері бұл шарадан үлкен әсер алып, фудболкаға сурет салу арқылы өздерінің кішкентай арманын, үлкен әлемге деген көзқарасын білдіре алды. Осындай жарқын, қызықты әрі тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім мол.
