Қазақ тілі – бай, көркем, шұрайлы тілдердің бірі. Оның сөздік қоры өте мол, әр сөзінде терең мағына, салмақ бар. Ұлы Абай, Мағжан, Мұхтар сынды алыптарымыз қазақ тілінің сұлулығын шығармалары арқылы әлемге паш етті. Олар тіліміздің рухани күшін дәлелдеп, оның құдіретін айқын көрсетті.
Тілді сақтау – елді сақтау. Ана тілімізді құрметтеу – өз халқымызды, тарихымызды, мәдениетімізді құрметтеу. Егер ұлт өз тілінен айырылса, ол өзінің болмысынан, ұлттық ерекшелігінен айырылғанмен тең. Сондықтан әрбір азамат ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы керек. Мектептерде, отбасында балаларға тілді сүюді, қадірлеуді үйрету маңызды.
Бүгінде қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Бұл – үлкен жетістік әрі зор жауапкершілік. Ел болып, жұрт болып қазақ тілінің мәртебесін арттыру – біздің басты міндетіміз. Тіл тек сөйлесу құралы ғана емес, ол – халықтың жаны мен жүрегі.
Мен өз ана тіліммен мақтанамын. Қай жерде жүрсем де, қазақ тілімде сөйлеуден, оны дамытуға атсалысудан жалықпаймын. Себебі, тілім – менің тірегім, тілім – менің болашағым.
Мемлекеттік тілімізді құрметтеп, оны жетік меңгеру — әрбір жас ұрпақтың парызы.

