Психоэмоционалдық саулық – мықты қоғамның негізі!Отбасы ішіндегі жылы қарым-қатынас – баланың психологиялық саулығының кепілі!Психологиялық саулық – адамның эмоционалдық, рухани және әлеуметтік жағдайының тұрақты, үйлесімді болуы. Бұл – ішкі жан дүниенің тыныштығы, күйзеліске қарсы тұра алу қабілеті, өмірге деген жағымды көзқарас пен мағыналы қарым-қатынастың көрсеткіші. Психологиялық саулық адам өмірінің барлық саласына әсер етеді: отбасыда, жұмыста, оқуда және қоғамдық ортада.
Жақсы психологиялық күйде жүрген адам өз эмоцияларын басқара алады, қиындықтарды еңсере біледі және қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнатады. Сонымен қатар, ол өзін бағалай біледі, өмірге сеніммен қарайды және мақсаттарына жетуге ынталы болады.
Психологиялық саулыққа әсер ететін негізгі факторлар – дұрыс тәрбие, қолайлы әлеуметтік орта, тұрақты ұйқы, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, сүйікті ісімен айналысу, жақын адамдардың қолдауы және позитивті ойлау. Ал күйзеліс, жалғыздық, қорқыныш пен сенімсіздік – психикалық күйге кері әсерін тигізуі мүмкін.
Сондықтан психологиялық денсаулықты сақтау – маңызды. Қажет болса, психолог маманына жүгіну де дұрыс шешім. Ең бастысы – өзіңді жақсы көру, түсіну және өз ішкі жан дүниеңмен байланыс орната білу. Психологиялық саулық – бақытты өмірдің кепілі.
