
Шардара аудандық орталық ауруханасының терапевт және аймақтық мейіргерлері қызметкер арасында семинар өткізілді.
Семинарда мына бұйрықтар қамтылды:
1. Халықаралық қол жуу стандарты — EN-1500.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығы. Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
3.»Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығы.
4-тарау. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары.Инфекция – бұл ағзаға ауру қоздырғыш микроорганизмдердің (бактерия, вирус, саңырауқұлақ, паразит) енуі мен көбеюі нәтижесінде пайда болатын жағдай. Инфекцияның түрлері өте көп: тыныс алу жолдарының, ішек, тері, жыныс-жолдарының және басқа да мүшелердің инфекциялары болады. Әсіресе балалар мен егде жастағы адамдар, сондай-ақ иммунитеті төмен жандар инфекцияға бейім келеді.
Инфекция ауа-тамшы (жөтелу, түшкіру), тұрмыстық заттар, лас су немесе тамақ, жыныстық жол арқылы жұғуы мүмкін. Белгілері: дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы, жөтел, іш өту, бөртпе, құсу сияқты әртүрлі болуы мүмкін.
Инфекциядан сақтану үшін жеке гигиенаны сақтау, таза тағам мен суды тұтыну, вакцина алу, ауырған адамдармен қарым-қатынастан сақтану маңызды. Ауру белгілері байқалса, дер кезінде дәрігерге қаралу қажет. Инфекцияны алдын алу – денсаулықтың кепілі.
