elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

“ Мен өмірді сүйемін” тақырыбында семинар тренинг өткізілді.

3 июля, 2025
in Uncategorized, Аймақ, Білім мен ғылым
0
“ Мен өмірді сүйемін” тақырыбында семинар тренинг өткізілді.
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Төлеби аудандық ауруханасының “Алдын алу және әлеуметтік- психологиялық көмек” бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Төтенше жағдайлар мекемесінің” қызметкерлері арасында “ Мен өмірді сүйемін” тақырыбында семинар тренинг өткізілді. Семинар барысында қызметкерлер арасында түрлі өмірлік жағдайларға байланысты кеңестер беріліп,түрлі тренингтер өткізіліп,психологиялық қолдау көрсетілді.Психологиялық қолдау дегеніміз – адамға қиын жағдайлардан өтуге көмектесетін, оның эмоционалдық, рухани және психикалық күйін жақсартуға бағытталған көмек түрі. Бұл қолдау түрі жеке адамның ішкі күйзелісін, уайымын, күйзелісін азайтуға, өмірлік қиындықтарды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Психологиялық қолдауды психологтар, психотерапевтер, әлеуметтік қызметкерлер, сондай-ақ жақын адамдар – отбасы мүшелері, достар, әріптестер көрсете алады. Қолдаудың түрлері әртүрлі болуы мүмкін: әңгімелесу, тыңдау, кеңес беру, мотивация беру немесе жай ғана жанында болу. Мұндай қолдаудың мақсаты – адамның өзін жалғыз сезінбеуіне, сенімділікке ие болуына, ішкі ресурстарын тауып, мәселені шешуге күш табуына көмектесу.

Психологиялық қолдау әсіресе ауыр психологиялық күйде жүрген, депрессияға түскен, жақын адамынан айырылған, зорлық-зомбылық көрген, не өмірінде маңызды өзгерістер болып жатқан адамдар үшін өте маңызды. Қолдау көрсету барысында адамға ешқандай баға бермей, оны түсінуге тырысу, оның сезімдерін қабылдау басты рөл атқарады.

Психологиялық қолдаудың арқасында адам өз мәселесін ашық айтуға, шешім табуға, өмірге деген көзқарасын өзгертуге мүмкіндік алады. Бұл – психикалық саулықты сақтаудың маңызды бөлігі.

“Өмір ғажап сүре білген адамға” – демекші, әр адам өз өмірін өзі жасайды. Барлығы өз қолында, себебі сіз қандай өмірді таңдасаңыз әрі қарай да солай жалғасып кете береді. Өмір өз ағымымен әкетпейді, тек сіз бағытты басқарасыз. Өмірге деген көзқарас, құштарлық барлық жанда болуы керек. Өйткені, өмір сонысымен мәнді. Әр сәттен ләззат алып, осы кезбен өмір сүре білу қажет.
Алдыңғы пост

Шардара аудандық орталық ауруханасының терапевт және аймақтық мейірбикелері қызметкер арасында семинар өткізілді.

Келесі жаңалық

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ИНДИКАТОРЛАР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі