Келес ауданында жедел жәрдем бригадасы көлік ішінде жүкті әйелді сәтті босандырып алды.
2025 жылғы 29 маусым күні Түркістан облысы, Келес ауданында жедел жәрдем қызметкерлері кәсіби біліктіліктерінің арқасында ана мен сәбидің өмірін аман сақтап қалды. Сағат 10:44 шамасында жүкті әйелге шақырту түсіп, оқиға орнына шұғыл жеткен №96 жедел жәрдем бригадасы, фельдшерлер А.Уралтаев пен Д.Омаров босану процесінің жолда басталып кеткенін анықтайды.
Қауіпке қарамастан, бригада қызметкерлері барлық қажетті акушерлік көмекті көлік ішінде көрсетіп, әйелді сәтті босандырып алды. Нәтижесінде сәби – ұл бала дүниеге келіп, анасы мен нәресте қауіпсіз түрде аудандық ауруханаға жеткізілді.Акушер — бұл әйелдердің жүктілігіне, босануына және босанғаннан кейінгі кезеңіне маманданған медицина қызметкері. Ол ананың және нәрестенің денсаулығын бақылап, қауіпсіз әрі сау босануды қамтамасыз ету үшін жауап береді.
Акушердің міндеттері:
Жүкті әйелдерді медициналық бақылауға алу;
Жүктілік кезінде қажетті тексерулер мен талдауларды жүргізу;
Ұрықтың дамуын бақылау;
Әйелге жүктілік пен босану туралы кеңес беру;
Босану процесін басқару және бақылау;
Босанудан кейінгі кезеңде ананың да, сәбидің де жағдайын тексеру;
Жаңа туған нәрестеге алғашқы күтім көрсету.
Акушерлер перзентханаларда, емханаларда, ауруханаларда және жеке клиникаларда жұмыс істейді. Бұл мамандық жоғары кәсіби дайындықты, жауапкершілікті және жанашырлықты талап етеді, себебі ана мен баланың өмірі көбіне акушердің біліктілігіне байланысты болады.
Қазіргі таңда ананың да, сәбидің де жағдайы жақсы. Бұл оқиға жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен жедел іс-әрекетінің нақты дәлелі болды.

