Сауран аудандық емханасында 20.06.2025ж неврапотолог дәрігер П. Таджиметова «Инсультың алдын-алу» тақырыбында келге науқастарға семинар сабақ түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Инсульт – бұл миға қан айналымының бұзылуы салдарынан ми жасушаларының зақымдануы. Бұл жағдай миға қанның жетпеуінен немесе мидағы қан тамырларының жарылуынан туындайды. Инсульт – адам өміріне қауіпті медициналық жағдай, шұғыл түрде дәрігерлік көмек көрсетуді талап етеді.
Инсульттің екі негізгі түрі бар: ишемиялық инсульт және геморрагиялық инсульт.
Ишемиялық инсульт – ең жиі кездесетін түрі, ол миға қан апаратын тамырдың бітелуінен болады. Бұл кезде ми тіндері оттегі мен қоректік заттарсыз қалады.
Геморрагиялық инсульт – миға қан құйылуы нәтижесінде пайда болады, көбінесе артериялық қан қысымның жоғары болуынан қан тамыры жарылып кетеді.
Инсульттің белгілері кенеттен басталады. Негізгі белгілерге мыналар жатады:
Бет, қол немесе аяқ бұлшық еттерінің кенеттен әлсіреуі немесе жансыздануы (әсіресе дененің бір жағында);
Сөйлеу қабілетінің бұзылуы немесе сөйлемдерді түсіне алмау;
Көру қабілетінің нашарлауы;
Бас айналу, теңселу, тепе-теңдіктің жоғалуы;
Қатты бас ауруы (еш себепсіз, кенеттен пайда болады).
Инсульттің алдын алу үшін қауіп факторларын бақылау өте маңызды. Қауіп факторларына мыналар жатады:
Артериялық гипертония (жоғары қан қысымы);
Қант диабеті;
Темекі тарту;
Артық салмақ және семіздік;
Қимыл-қозғалыстың аздығы;
Алкогольді шамадан тыс пайдалану;
Жоғары холестерин деңгейі;
Стресс және дұрыс тамақтанбау.
Инсульттің алдын алуда салауатты өмір салтын ұстану маңызды. Дұрыс тамақтану, үнемі физикалық белсенділік, қан қысымын бақылау, темекі мен алкогольден бас тарту – бұл қауіп-қатерді едәуір төмендетеді. Қан қысымын, қант деңгейін және холестеринді үнемі тексеріп тұру да инсульттің алдын алуға көмектеседі.
Инсульт алған адамға алғашқы көмек көрсету өте маңызды. Ең бастысы – жедел жәрдем шақыру. Науқасты тыныш жатқызып, басын сәл көтеріп қою керек. Оны жалғыз қалдырмаңыз, сөйлеуіне және қозғалуына көмектесуге тырыспаңыз. Көбіне уақыт шешуші рөл атқарады – алғашқы 3-4 сағат ішінде көрсетілген көмек адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Инсульттен кейінгі оңалту процесі ұзақ әрі күрделі болуы мүмкін. Бұлшықет қозғалысын, сөйлеу қабілетін қалпына келтіру үшін арнайы емдік дене шынықтыру, логопедиялық жаттығулар, психологиялық көмек қажет. Оңалту адамның жасына, инсульттің ауырлығына және медициналық көмек қаншалықты ерте көрсетілгеніне байланысты.
Қорытындылай келе, инсульт – өте қауіпті ауру. Бірақ оған жол бермеуге болады. Ол үшін салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулықты бақылап отыру қажет. Ерте диагностика мен дұрыс ем – инсульттің ауыр салдарын азайтуға мүмкіндік береді.
