elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысында вакцинация мәселесіне қатысты маңызды дөңгелек үстел өтті.

26 июня, 2025
in Uncategorized, Білім, Түркістан облысы
0
Түркістан облысында вакцинация мәселесіне қатысты маңызды дөңгелек үстел өтті.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында вакцинация мәселесіне қатысты маңызды дөңгелек үстел өтті.
2025 жылғы 23 маусымда Түркістан облысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасымен, діни наным-сенімдердің вакцинация мәселесіне әсерін зерделеу шеңберінде дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев төрағалық етті.
Кездесуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев, басқарма басшысының орынбасары Мадина Мамбетова, ДДҰ кеңесшісі доктор Sahil Warsi, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының сарапшысы Siff Nielson және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының эпидемиолог маманы Ж. Худайбергенова қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қоғамдағы діни сенімдердің халықтың вакцинацияға көзқарасына тигізетін ықпалы, осы салада кездесетін негізгі кедергілер мен сын-қатерлер жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, мамандар мен сарапшылар вакцинацияға қатысты шешім қабылдау үдерісінде халықтың сенімін арттыру, түсіндіру жұмыстарын күшейту және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, тиімді тәсілдер әзірлеу қажеттігін атап өтті.Вакцинация — адамның немесе жануардың ағзасын жұқпалы аурулардан қорғаудың тиімді әдісі. Ол ағзаға әлсіретілген немесе өлі микроорганизмдерді енгізу арқылы иммундық жүйені ынталандырады. Вакцина енгізілгеннен кейін ағзада арнайы антиденелер пайда болады, олар болашақта сол ауру қоздырғышымен қайта кездескенде оны тез танып, жоя алады.

Вакциналар әртүрлі ауруларға қарсы әзірленген, мысалы: қызылша, көкжөтел, туберкулез, тұмау, COVID-19 және басқалары. Вакцинация эпидемиялардың алдын алып, халық арасында ұжымдық иммунитет қалыптастырады. Бұл әсіресе нәрестелер, қарттар және иммунитеті әлсіз адамдар үшін маңызды.

Кейбір вакциналар өмір бойы қорғаныш береді, ал басқалары жыл сайын қайталануды қажет етеді. Вакцинация қауіпсіздік тексерістерінен өтеді және жанама әсерлері, әдетте, жеңіл болады (мысалы, ине салған жердің ауырсынуы немесе қызуының көтерілуі).

Вакцинация — жеке де, қоғамдық денсаулықты сақтаудың маңызды құралы.

Бұл шараның негізгі мақсаты – халықтың денсаулығын сақтау жолында иммунопрофилактика саласындағы өзекті мәселелерді ортақ талқылап, шешу жолдарын анықтау, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, жергілікті деңгейде тиімді шешімдер қабылдауға ықпал ету.
Алдыңғы пост

Түркістан облысының денсаулық басқармасына қарасты, Созақ Аудандық Орталық Ауруханасы, ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛЫ «ЖҰЛДЫЗ» БАЛАБАҚШАСЫНДА ПАЙДАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ.

Келесі жаңалық

Кентау қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында іс-шара болып өтті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі