Азаматтарды жеке қабылдау өтті.МӘМС жүйесіне қатысу міндетті және ол жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздар үшін әртүрлі жолмен жүзеге асады. Жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін жарна төлейді, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар немесе жұмыссыздар өз бетінше төлем жасайды. Мемлекет әлеуметтік әлсіз топтар (зейнеткерлер, көпбалалы аналар, студенттер, мүгедектер және т.б.) үшін жарналарды өзі төлейді.
МӘМС жүйесінде сақтандырылған адам келесі қызметтерді тегін ала алады:
консультациялық-диагностикалық көмек (талдаулар, УДЗ, рентген, т.б.),
жоспарлы стационарлық ем,
жоғары технологиялық медициналық көмек,
қалпына келтіру және оңалту қызметтері.
МӘМС-ке қатысу үшін азаматтар өз мәртебесін «Сақтандырылған» етуі қажет. Мұны тексеру үшін fms.kz сайтына немесе eGov порталына кіруге болады. Егер адам жарна төлемесе немесе төлемдері үзіліп қалса, ол МӘМС аясындағы қызметтерден уақытша айырылуы мүмкін.
МӘМС – денсаулықты сақтаудың сенімді кепілі.
