elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Білім

Жастар мен өндіріс арасындағы алтын көпір: Түркістан техникалық колледжінде кәсіптік бағыттағы кездесу өтті.

30 июня, 2025
in Білім, Басты жаңалықтар, Әлеумет
0
Жастар мен өндіріс арасындағы алтын көпір: Түркістан техникалық колледжінде кәсіптік бағыттағы кездесу өтті.
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Жастар мен өндіріс арасындағы алтын көпір: Түркістан техникалық колледжінде кәсіптік бағыттағы кездесу өтті.
Техникалық білім – табысты болашақтың негізі. Осы ұстанымды басты назарға алған Түркістан қалалық Мансап орталығы мен “Kazakhstan Lihua” ЖШС өкілдері Е.Тәңірбергенов атындағы индустриалды колледжден соң, кездесуді Түркістан техникалық колледжінде жалғастырды.
Басқосуда орталық директоры Жангелді Әбіләзім колледждің бітіруші курс студенттерімен еркін форматта әңгіме жүргізіп, “Жастар практикасы”, “Алғашқы жұмыс орны” сынды бағдарламалар арқылы табысты еңбек жолын бастаудың мүмкіндіктерін кеңінен таныстырды.
– Техникалық мамандық иелеріне сұраныс ешқашан азаймайды. Бастысы – өз қабілетіңе сеніп, дұрыс бағытта қадам жасау. Біз сіздерге сенеміз және әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Жангелді Әбіләзім өз сөзінде.
Өз кезегінде “Kazakhstan Lihua” ЖШС мамандары да сөз алып, кәсіпорынның өндірістік әлеуетін таныстырып, нақты жұмыс орындарын ұсынды. Кездесу жастарға тек жұмыс емес, болашаққа сенім мен серпін сыйлады.Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде елдің экономикалық дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығында жұмысшы мамандардың орны ерекше екенін бірнеше рет атап өткен. Оның айтуынша, заманауи өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және қызмет көрсету салалары сапалы кадрсыз алға баса алмайды. Сондықтан мемлекет техникалық және кәсіптік білім беруді күшейтіп, колледждердегі оқу бағдарламаларын жаңартып, дуальды білім беру жүйесін кеңейтіп келеді.

Президент жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруды маңызды міндет деп санайды. Себебі елдің болашағы тек жоғары білімді мамандарға ғана емес, қолымен еңбек етіп, нақты өнім өндіретін адамдарға да байланысты. Жоғары жалақы, қауіпсіз еңбек жағдайы, әлеуметтік кепілдіктер – жұмысшыларға жасалуы тиіс басты қолдау. Мемлекет басшысы еңбек адамы әрқашан қоғамның құрметіне ие болуы керек деп есептейді.

Алдыңғы пост

Азаматтарды жеке қабылдау өтті.

Келесі жаңалық

Түркістан облысының денсаулық басқармасына қарасты, Сэбб Отырар,Ерте піскен бақша өнімдерінің қауіптілігінен сақтаныңыз!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі