elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА ЖАҢА БАС ДӘРІГЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

15 июля, 2025
in Uncategorized, Аймақ, Басты жаңалықтар, Таным, Түркістан облысы
0
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА ЖАҢА БАС ДӘРІГЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА ЖАҢА БАС ДӘРІГЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.
Түркістан облысы “Денсаулық сақтау басқармасының” бұйрығымен Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметіне Мирзалиев Бахыт Иябаевич тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға облыстық «Денсаулық сақтау басқармасының» басшысы Асхан Байдуалиев таныстырды. Жиынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, «Amanat» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Есімхан Исақұлов арнайы қатысып, Мирзалиев Бахыт Иябайұлының қызметіне сәттілік тіледі.
Сонымен қатар аудан әкімі Азизхан Исмаилов Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметін осы уақытқа дейін абыроймен атқарып келген Сланов Бекзат Маханбетұлына алғыс білдірді.
Мирзалиев Бахыт Иябаевич — денсаулық сақтау саласында мол тәжірибесі бар білікті басшы. 1976 жылы 8 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Медицина саласындағы еңбек жолын 2001 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы Гвардиялық қалашығында 07792 әскери бөлімінде медициналық пунктінің бастығы қызметінен бастаған.
— 2004-2007 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Гвардиялық қалашығында 63302 әскери бөлімінің “Терапия” бөлімінің бастығы;
— 2007-2008 жылдар аралығында ОҚО, Шымкент қаласы, Аэропорт “35748 әскери бөлімінің” медицина қызметінің бастығы;
— 2008-2009 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардиялық қалашығында “21742 әскери бөлімінің” медицина қызметінің бастығы;
— 2009-2011 жылдар аралығында Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының методикалық ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі;
— 2011-2016 жылдар аралығында Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігердің ұйымдастыру әдістемелік іс жөніндегі орынбасары;
— 2016-2018 жылдар аралығында №1 Шымкент қалалық ауруханасының бас дәрігері;
— 2018 жылдың шілде айынан бастап, қазіргі таңға дейін Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған.
Алдыңғы пост

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ.

Келесі жаңалық

Заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды ішкі істер органдарында тіркету.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі