Кентау орталық қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының сапасы мен уақытында аяқталуын қадағалау бойынша жиналыс өткізілді. Аурухана басшысы А. Утебаев жаңадан жеңімпаз атанған техникалық қадағалаушы мекемесінің қызметкерлерін таныстыра отырып, жасалып жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қадағалауды, авторлық қадағалаушы мекемеге жобалық сметалық құжат бойынша жұмыстардың атқарылуын және мердігер мекемеге жұмыстарды уақытында аяқтап тапсыруды айтты .