elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ТЫҢДАЛДЫ.

24 июля, 2025
in Аймақ, Түркістан облысы, Қоғам, Әлеумет
0
ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ТЫҢДАЛДЫ.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ТЫҢДАЛДЫ.
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауы өтті.
Қабылдауға келген 11 азаматтың өтініштері мен ұсыныстары жеке-жеке тыңдалып, мәселелері қаралды.
Көтерілген мәселелердің басым бөлігі әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, жол жөндеу, көше жарықтандыру, ауызсу жүйесін жүргізу және өзге де әлеуметтік сипаттағы түйткілдерді қамтыды.
Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындар тарапынан қозғалған мәселелерге бейжай қарамай, жедел әрі жүйелі түрде шешу – жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті екенін атап өтті. Қабылдау қорытындысы бойынша бірқатар өтініштер сол сәтте шешімін тапса, қалған мәселелерге қатысты зерделеу жүргізіліп, заң аясында тиісті шаралар қабылданатыны айтылды.
Қала әкімі нақты мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, орындалу барысын қатаң бақылауға алатынын жеткізді.
Айта кетейік, қала әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауы әр айдың үшінші сәрсенбісінде, алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінде өткізіледі. Қабылдауға жазылу үшін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы немесе әкімдік жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығы — Фронт-офиске келіп тіркелуге болады.
Алдыңғы пост

«Отырар» өңірлік маңызы бар индустриялық аймағы және орналасатын жаңа жобалар.

Келесі жаңалық

Кентау қалалық ауруханасы.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі