elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ОТЫРАРДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ.

17 августа, 2025
in Uncategorized, Аймақ, Түркістан облысы, Экономика, Өнеркәсіп
0
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ОТЫРАРДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ОТЫРАРДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ.
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Отырар ауданындағы ірі кәсіпорындарды аралап, жоспарларымен танысты.
Ең алдымен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-не арнайы барып, заманауи агротехнологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттырған инвестициялық жобаның тиімділігін көзбен көріп, кәсіп иелерімен кездесті.
Жобаны «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС мен «Түркістан» ӘКК» АҚ бірлесе жүзеге асырылуда. Бірегей жоба заманауи су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, жоғары стандартты шикізат базасын қалыптастыруды, соңғы үлгідегі мақта өңдеу зауыттарын, тамшылатып суару таспаларын шығаратын өндіріс орнын және басқа да инфрақұрылымдық нысандарды қамтиды.Тамшылатып суғару – ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылып келе жатқан тиімді әдістердің бірі. Бұл технологияда су арнайы түтікшелер арқылы әрбір өсімдіктің түбіне тамшылап жеткізіледі. Әдеттегі дәстүрлі суғару тәсілдеріне қарағанда, тамшылатып суғару көптеген артықшылықтарға ие.

Біріншіден, ол суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Әдетте егістікті арықпен немесе жаңбырлатып суғарғанда судың көп бөлігі буланып немесе жерге сіңіп кетеді. Ал тамшылатып суғаруда ылғал тікелей өсімдіктің тамырына беріледі. Нәтижесінде су шығыны 30–40 пайызға дейін қысқарады. Бұл әсіресе су қоры шектеулі аймақтарда өте маңызды.

Екіншіден, тамшылатып суғару өсімдіктің өнімділігін арттырады. Себебі өсімдік әрдайым жеткілікті мөлшерде ылғал алып отырады, топырақ шамадан тыс батпақтанбайды. Ылғалдың бірқалыпты берілуі тамыр жүйесінің жақсы дамуына ықпал етеді, ал бұл өз кезегінде мол өнім алуға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, тыңайтқыштарды да дәл әрі үнемді қолдануға болады. Тыңайтқыштар сумен бірге тамшылап берілетіндіктен, олар өсімдіктің тамырына тікелей жетеді. Бұл тәсіл «фертигация» деп аталады және ол шығынды азайтып қана қоймай, тыңайтқыштың тиімділігін арттырады.

Төртіншіден, тамшылатып суғарудың экологиялық пайдасы бар. Артық су берілмегендіктен, жердің тұздануы мен эрозиясы азаяды. Сонымен қатар арамшөптердің өсуі тежеледі, өйткені ылғал тек өсімдік түбіне ғана беріледі. Бұл еңбек күшін де үнемдейді.

Тамшылатып суғару – қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы үшін ең тиімді әдістердің бірі. Ол суды үнемдеп қана қоймай, мол әрі сапалы өнім алуға жағдай жасайды. Сондықтан бұл технологияны кеңінен енгізу еліміздің аграрлық секторын дамытуға үлкен үлес қосады.

Аралау барысында Ертай Кенжебекұлы жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету, жұмысшыларды қажетті жатын орындарымен қамту, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді мәселелерді көтеріп, жауапты тұлғаларға аталған жұмыстардың орындалуын қадағалауды тапсырды.

Сапар аясында Шәуілдір ауылындағы орталық спорт алаңының құрылысын аралап, жөндеу жұмыстарын қадағалады. Құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен тілдесіп бірқатар міндеттер жүктеді. Мердігерлер облыс әкімінің орынбасарына жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді. Орталық алаңшаның ағымдағы жөндеу жұмысы маусым айында басталып, тамыз айында аяқталып, ел игілігіне берілмек. Мұнда ауыл балаларының бос уақыттарын тиімді пайдаланып, футболдан түрлі жарыстар өткізуге мүмкіндіктер қарастырылған.
Айта кетейік, өткен жылы облыста 73 спорт нысанының құрылысы аяқталса, биыл 51 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда.

 

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ. ЖАҢА ӘДІС – ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖЕТІСТІГІ.

Келесі жаңалық

Қауіп-қатер туындаған жағдайда әрекет ету ережелерін көрсету және алдын алу бойынша ескерту жұмыстары жасалды.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі