elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ. ЖАҢА ӘДІС – ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖЕТІСТІГІ.

15 августа, 2025
in Uncategorized, Аймақ
0
ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ. ЖАҢА ӘДІС – ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖЕТІСТІГІ.
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ. ЖАҢА ӘДІС – ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖЕТІСТІГІ.

Бүгінде медицинаның басты бағыты – инновация мен тиімділікті үйлестіру. Түркістан қалалық орталық ауруханасында осы қағидат нақты іске асырылып келеді. Күрделі асқынулары бар пациенттерге заманауи миниинвазивті әдістер қолданылып, бұрын тек ірі орталықтарда ғана жасалатын оталар енді өңірімізде қолжетімді.Миниинвазивті әдіс – қазіргі медицинада кеңінен қолданылатын, ағзаға мүмкіндігінше аз зақым келтіріп жасалатын хирургиялық емдеу тәсілі. Бұл әдістің басты мақсаты – дәстүрлі ашық операциялар сияқты нәтижеге қол жеткізу, бірақ науқасқа аз ауыртпалық түсіру. Миниинвазивті хирургия кезінде теріге үлкен тілік салудың орнына, бірнеше миллиметрлік кішкентай тесіктер арқылы арнайы құралдар мен бейнекамера енгізіледі. Сол арқылы дәрігер экрандағы кескін арқылы ішкі мүшелермен жұмыс істейді.

Мұндай әдіс әртүрлі салаларда қолданылады: нейрохирургияда, гинекологияда, урологияда, жалпы хирургияда, травматологияда және т.б. Мысалы, лапароскопиялық ота – іш қуысындағы ауруларды емдеуде ең кең тараған миниинвазивті тәсілдердің бірі. Сондай-ақ эндоскопиялық және артроскопиялық операциялар да осы әдіске жатады.

Миниинвазивті әдістің артықшылықтары көп: операциядан кейінгі жара аз болады, инфекция жұқтыру қаупі төмендейді, науқастың қалпына келу уақыты қысқарады, ауруханада жату мерзімі азаяды және косметикалық тұрғыдан да тиімді. Сонымен қатар бұл әдіс егде жастағы немесе созылмалы аурулары бар адамдарға да қолайлы, себебі ағзаға түскен жалпы жүктеме аз болады.

Осылайша, миниинвазивті хирургия – медицинаның дамуы мен технологиялық жаңалықтардың нәтижесінде пайда болған, науқастар үшін қауіпсіз әрі тиімді емдеу бағыты.

Жақында ауруханаға 1980 жылғы науқас ауыр жағдайда түсті. Диагнозы – өт-тас ауруы, жедел калькулезді өт қабының қабынуы, холедохолитиаз, холангит, механикалық сарғаю. Бұған дейін бірнеше мекемеде ем қабылдағанымен, дерт асқынып, жағдайы күрделене түскен. Пациенттің шағымдары – сарғаю, әлсіздік, іштің қатты ауырсынуы. Ал зертханалық талдауларда биохимиялық көрсеткіштері аса қауіпті межеге жеткен.
Осы сәтте аурухана дәрігерлері облыстық клиникалық ауруханасының маманымен бірлесе жедел шешім қабылдап, шұғыл түрде «Чрескожная чреспеченочная холангиостомия» (тері арқылы бауыр ішілік өт жолдарына түтік қою) отасын жүргізді. Бұл – жоғары дәлдікті талап ететін, күрделі, бірақ тиімді тәсіл. Ота сәтті өтіп, өттің ағуы қалпына келіп, бауыр көрсеткіштері жақсарып, науқас қысқа мерзімде сауығып шықты.
Аталған операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін жүргізілді.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ ОҚИҒА – ОРТА АЗИЯДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ «ЕСКЕК ЕСУ» АРНАСЫ АШЫЛДЫ!

Келесі жаңалық

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ОТЫРАРДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі