elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 90 ОРЫНДЫҚ «ШҰҒЫЛА» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ.

29 августа, 2025
in Uncategorized, Аймақ, Білім, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Қазақстан
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 90 ОРЫНДЫҚ «ШҰҒЫЛА» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ.
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 90 ОРЫНДЫҚ «ШҰҒЫЛА» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ.
Сауран ауданы, Оранғай ауылында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы мерекесі қарсаңында 90 орындық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Шұғыла» оңалту орталығы пайдалануға берілді. Әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жергілікті тұрғындарды құттықтап, бұл игі бастаманы қолдады.
«Шұғыла» оңалту орталығында 3-18 жас аралығындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі балалар ем қабылдайды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Жобаның жалпы құны — 3 121,7 млн теңге. Мұнда 90 балаға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілмек. Оның 60-ы стационарлық, 30-ы жартылай стационарлық негізде. Орталық 8 бағыт бойынша әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, педагогикалық, мәдени, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсетеді.
– Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Осы маңызды мереке қарсаңында облыста бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында: «Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз», деген болатын. «Шұғыла» орталығы – осы нақты ниеттердің айқын көрінісі болары анық. Бұл – жай ғимарат қана емес, бұл – балалардың болашағына деген үміт, ата-аналарға сенім, қоғамдағы мейірім және тең мүмкіндік мекені. Дәл осындай Орталықтар жыл соңына дейін облысымыздың екі қаласында ашылады. Сондықтан әр баланың арманына қанат бітіріп, өміріне жарық сыйлау – біздің басты міндетіміз. Құрметті ата-аналар, «Шұғыла» орталығы сіздерге сенімді тірек болады деп сенемін, – деді Нұралхан Көшеров.
Жаңа орталыққа облыс әкімінің атынан музыкалық аспап (пианино) сыйға тартылды.
Орталық заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда көпфункционалды үстелдер, прессотерапия, қысқа толқынды терапия аппараттары, массаж және физиотерапия кабинеттері, сондай-ақ монтессори, сенсорлық және психомоторика бөлмелері түрлі дидактикалық құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар сыртқы алаңдарда кіші футбол, воркаут, жазғы сахна, ал ішкі кеңістікте спорт және акт залдары қарастырылған. Мүгедектігі бар 1-10 сынып оқушыларына арналған оқу кабинеттері де заманауи жиһазбен жабдықталған.
Дәл осындай орталықтар жыл соңына дейін тағы екі қалада ашылады. Сарыағаш және Түркістан қалаларындағы 100 орындық «Аутизм орталықтары» балалар үшін қызмет жасайтын болады.
Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында 101 405 мүгедектігі бар азамат есепте тұр. Оның 15 мыңы – балалар мен жасөспірімдер. Олардың ішінде 6 736 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.
Алдыңғы пост

" Айбыны асқақ Ата Заң" атты музыкалық патриоттық кеш өтті.

Келесі жаңалық

«Медициналық қызметкер мен науқас арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі