elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҮШЕМ БОСАНЫП, 11 БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТАНДЫ.

13 августа, 2025
in Uncategorized, Аймақ, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҮШЕМ БОСАНЫП, 11 БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТАНДЫ.
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҮШЕМ БОСАНЫП, 11 БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТАНДЫ.
Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығында Шардара ауданының тұрғыны, 43 жастағы Орынкүл Нурабаева үшем дүниеге әкеліп, 11 баланың анасы атанды. Ұлдардың салмағы – 2265 грамм, 2455 грамм, 2405 грамм. Үшемдер мезгілінен ерте туылғандықтан, дәрігерлердің қатаң бақылауында. Қазіргі таңда ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Бүгін сәбилер мен анасы перзентханадан үйлеріне шығарылды.
Жалпы өңірде осы жылдың 6 айында 22 638 бала дүниеге келген. Облыста 22 перзентхана қызмет көрсетеді. Босандыру ұйымдарында 319 акушер-гинеколог, 89 неонатолог, 101 анестезиолог-реаниматолог жұмыс істейді. 165 акушер-гинеколог ота жасау дағдыларын меңгерген. Мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өткен жылы 34 дәрігер Ресейдің Санкт-Петербург қаласында біліктілігін арттырса, осы жылы облыстық медициналық ұйымдардағы 70 қызметкер шетелдік мамандардың қатысуымен өткен көшпелі шеберлік сағаттарына қатысты.
Білікті кадрлар даярлау мәселесі назардан тыс қалған емес. 2024 жылы бейінді мамандар даярлау үшін резидентураға – 139 грант, орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін 600 грант бөлінген. Биыл резидентураға 150 грант бөлінді. Одан бөлек, «Аңсаған сәби» бағдарламасы шеңберінде Түркістан облысына былтыр 556 квота бөлініп, 100% игерілді. Биыл 640 квота бөлініп, 70% орындалды.
Медициналық мекемелерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы 1 млрд. теңге қаржы бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Биыл да 1 млрд. теңге қаржыға құрал-жабдықтар сатып алу жоспарлануда.
Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері №1 облыстық перинаталдық орталығында 4050 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде, 72-сі – егіздер. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 271 балаға көп.
Өңірде медицина саласан жетілдіру, сапалы қызмет көрсету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасады.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР 36 ЖАСТАҒЫ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАП, СӘБИДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ.

Келесі жаңалық

Түркістан қалалық Мансап орталығы 2025 жылдың алғашқы жеті айында жоспарлы межелерін абыроймен орындап, өңірдегі еңбек нарығының дамуына қомақты үлес қосты.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі