elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК БАСТАУЫ.

16 сентября, 2025
in Uncategorized, Аймақ, Таным, Түркістан облысы
0
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК БАСТАУЫ.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК БАСТАУЫ.
15.09.2025. Түркістан жоғары медицина колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті.
Кездесуді Түркістан жоғары медицина колледжінің директоры, м.ғ.к. Бимурзаев Ғалымжан Нұрманұлы жүргізіп отырды. Жиынның басты мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауын талқылау екендігін айтып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған жоспардың маңыздылығына тоқталып өтті.
Алдымен күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау бойынша регламенті бекітілді. Негізгі спикерлерге 10 минут, пікір айтушыларға 3-5 минут уақыт берілді.
Алғашқы сөз кезегін алған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Үмбеталиев Алтынсары Дүйсенбекұлы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу екендігін және маңызды құжаттағы медицина саласына қатысты басымдықтарды баяндады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Философия кафедрасының доценті, PhD доктор Қалдыбай Қайнар Жолдаудағы бағыттарды атап, әрқайсысын кеңінен түсіндіріп өтті. Елімізге қомақты инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беру, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, көлік-логистиканы одан әрі дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, экономиканы жан-жақты цифрлық жаңғырту жұмыстары мен адам капиталын дамытуға жағдай жасау туралы қандай қадамдар жасалатынын қарапайым тілмен түсіндірді.
Келесі сөз кезегін алған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Абусейтов Бекахмет Зайнидинұлы студенттер үшін Жолдаудың маңызын атап өтті. Бүгінгі студент ертеңгі тәжірибелі маман екендігін, ол тек сапалы білім алып қана қоймай, сонымен қатар еріктілер қатарынан көрініп, өзінің ойын ашық айта алатын және «Жасыл ел» бағдарламаларына атсалысатын қоғам үшін қызмет ететін, нағыз іскер азамат болып қалыптасуы қажеттігін айтты. Сонымен қатар Мемлекеттік бағдарламалардың басым бөлігі жастарды қолдау арналғанын мысалдар арқылы дәлел келтірді.
Түркістан облыстық мәслихат депутаты Арыстанов Сүлеймен Тұрсынбайұлы түптеп келгенде, Жолдауда айтылған қадамдар еліміздің түбегейлі цифрлық жаңғыруын халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бастайтын жол екенін айтып, алдағы уақытта атқарылар істер көп екенін жеткізді.
«Jastar Ruhy» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жұман Жансерік Бауыржанұлы Түркістан жастарының атқарып жатқан ауқымды жұмыстары туралы айтып, экологиялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларға жастардың белсенді қатысып жүргендерін баяндады. Жолдауда көрсетілген алғышарттарды бүгінгі жастар қолдайтындығын білдірді.
Түркістан жоғары медицина колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы, «Достық» бастауыш партия ұйымының төрайымы Алдабергенова Гүлмира Қыдырәліқызы Жолдауда кеңінен көрсетілген жасанды интеллект жайында баяндап, сабақ барысында қолданудың тиімді тұстарын атап өтті. Сөз соңында Президент жолдауын қолдауға шақырды.
Жиналысқа қатысушылар да өз пікірлерін айтып, ойларын ортаға салды. Кездесуді «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Үмбеталиев Алтынсары Дүйсенбекұлы қорытындылады.

 

Алдыңғы пост

"Мектеп пен отбасы:адал әрі жауапты азаматты тәрбиелеудегі өзара ынтымақтастық" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.

Келесі жаңалық

ОТЫРАР АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ: «БЕРЕКЕЛІ – АЛТЫН КҮЗ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ .

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі